Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше жер қойнауын пайдалану саласында облыста 2021 жылдың 23 шілдесіне қарағанда 321 жер қойнауын пайдалану обьектілері тіркелген. Оның барлау және өндіруге арналған келісімшарттар саны 193-ті құрайды. Оның ішінде қатты пайдалы қазбаларға жасалғаны- 47, жерасты сулары-3, газға-1, жерасты газ сақтау кеңістігіне-1, кең таралған пайдалы қазбаларға арналғаны -141-ді құрайды. Ал лицензиялар саны 115, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларға — 59, кең таралған пайдалы қазбаларға – 56, жол құрылысын салуға арналған жеңілдетілген рұқсат саны- 11-ді құрайды. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша берілген 56 лицензияның 38 лицензиясы және 11 жеңілдетілген рұқсат республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» көлік жолын қайта жаңғыртуға қатысты жол салушы Мердігерлерге берілген. Ал кен іздеушілікке арналған 2 лицензия берілген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың 2020 жылдың келісімшарт міндеттемелерінің орындалу қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі 73.7 млрд. теңгені құраған. Ал 2019 жылдың осы кезеңіндегі бұл көрсеткіш – 63.2 млрд. теңгені құраған. Әлеуметтік сала және жергілікті инфрақұрылымдарға бөлінген қаржы 2020 жылы 751 млн. теңгені, 2019 жылы —919,8 млн. Теңгені құраған. Мамандарды оқыту және қайта даярлауға бөлінген қаржы 2020 жылы 185 млн. теңгені құрады (98%), бұл көрсеткіш 2019 жылы 206 млн. теңгені құраған. Салық түсімі 11,9 млрд. теңгені, ал 2019 жылдың осы кезеңіндегі бұл көрсеткіш 9,8 млрд. теңгені құраған.
Кең таралған пайдалы қазбалар бөлігінде қорытынды ЛКШ есебіне сәйкес міндеттемелерін ішінара орындамаған 32 жер қойнауын пайдаланушыларға бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданған. Ал лицензиялар бойынша 11 бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданған. Бүгінгі күні 2021 жылы 7 келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған. 2018-2020 жылдары және 2021 жылдың басынан бері қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған (бұзылған) 14 келісімшарттар бойынша кеніштерді қалпына келтіру жұмыстары 12-інде жүргізілді, арнайы комиссиямен қабылданған. Бүгінгі таңда 2 келісімшарт бойынша жою жобасы әзірленуде.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды