• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Моңғолиядағы Grand Slam турниріне 8 спортшы қатысады

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді

18.07.2025
0
Моңғолиядағы Grand Slam турниріне 8 спортшы қатысады
33
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

25-27 шілде аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Аталмыш додаға татами жұлдыздары қатыспаса да, турнир жас спортшылар үшін нағыз сынақ алаңына айналмақ. Бұл жарыстан Қазақстан құрамасы да тыс қалмайды. Толығырақ Olympic.kz материалында.

Моңғолиядағы турнирде 29 елден 247 балуан бақ сынайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, Қазақстан атынан бұл додаға 8 спортшы қатысады. Төменде балуандардың тізімі көрсетілген:

Ерлер

60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Нұраділ Әлжан

66 келіге дейін: Ержан Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін: Саят Сейітқалиев

81 келіге дейін: Мейіржан Жұмабек

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

Әйелдер:

52 келіге дейін: Толғанай Әбеуова

Бұл жарысқа Қазақстанның негізгі құрамы қатыспайды. Ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзенің айту бойынша басқа балуандарға да өзін көрсетуге мүмкіндік берілуде.

«Біз қазіргі уақытта кімнің бірінші, кімнің екінші нөмірлі балуан екенін нақты айта алмаймыз. Олимпиадаға кім қатысатыны және кім көшбасшы болатыны да әзірге анық емес. Сондықтан барлығына тең мүмкіндік беріп, тексеріп, бағалап жатырмыз», — деді маман.

Соңғы рет Grand Slam турнирі Қазақстанда өтті. Бұл турнирде жоғарыда аталған спортшылардың ішінен тек Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) қана өнер көрсетті.

Өз кезегінде Талғат финалға дейін жетті. Финалда ресейлік Изнаур Сааевқа жол берген еді. Осылайша, күміс медальді жеңіп алған. Қазақстандық балуанның ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысы болғандығын ескерсек, нәтиже жаман емес.

Ал Бауыржан Нарбаев 66 келіге дейінгі салмақта жүлдесіз қалған болатын.

Алда Моңғолияда өтетін Grand Slam турнирі жас балуандар үшін тәжірибе болары анық. Себебі Будапештте (Венгрия) өткен әлем чемпионатынан кейін бірқатар көшбасшы бұл жарысқа қатыспау туралы шешім қабылдады.

«Біздің құрамада жастар көп. Тіпті ұлттық құраманың 90 пайызы жас балуандар десек те болады. Сол себепті, оларға мүмкіндік беруіміз қажет. Егер мұндай турнирлерге қатыстырмасақ, ірі халықаралық жарыстарда өз әлеуеттерін толықтай көрсете алмайды», — деп атап өтті Роберт Мшвидобадзе.

Фавориттерге келер болсақ, Моңғолия құрамасы жарыс қожайыны ретінде кіл мықтыларды тізімге қосары анық.

Одан бөлек, 78 келіге дейінгі салмақта Патрисия Сампайю (Португалия) 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 66 келіге дейінгі салмақта Денис Веиру (Молдова) Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері, 81 келіге дейін Юхей Ойно (Жапония) 2024,2025 жылғы Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, 70 келіге дейін Ида Эриксон (Швеция) Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері, 52 келіге дейінгі салмақта Кокоро Фудзисиро (Жапония) 2025 жылғы Азия біріншілігінің чемпионын атап өтуге болады.

Сонымен қатар Сабина Гилязлва (Ресей), Антон Савицкий (Украина), Балабай Агаев (Әзірбайжан), Лея Фонтейн (Франция), Денис Батчаев (Ресей), Кирари Ямагучи (Жапония), Мегуми Фучида (Жапония), Умар Бозоров (Өзбекстан), Николаз Шеразадишвили (Испания) бұған дейінгі Grand Slam турнирінде жоғары нәтиже көрсетуде.

Жалпы, Моңғолиядағы «Үлкен дулыға» турнирінде бірақатар жаңа есімді көруіміз әбден мүмкін. Жас балуандар арасындағы алтын медаль үшін талас тартысты әрі жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде.

ҰОК баспасөз қызметі

Тегтер: ДЗЮДОМоңғолияспортТурнир

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты