• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын елдер саны азайды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

24.06.2024
0
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын елдер саны азайды
70
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиынға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Фаридұлы Нұров, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Құтжанұлы Есентаев қатысып, журналистер сұрағына тұшымды жауап берді.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев сөзін көшпенділер ойындарына дайындықтың аралық қорытындысынан бастады.

«Ең алдымен, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар құрамына Қазақстан Республикасының Үкіметі, Дүниежүзілік этникалық спорт түрлері конфедерациясы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы кіргенін айтқым келеді. 20 маусымда ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры) пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ЮНИСЕФ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі мәртебесіне ие болды»,- деді Серік Жарасбаев.

Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, спорт ғимараттарының басым бөлігі жарыстарды өткізуге дайын. «Алау» мұз сарайы мен «Астана Арена» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар 15 тамызда аяқталады деп күтілуде. «Қазанат» ипподромындағы құрылыс жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Көктемгі ауқымды су тасқынына байланысты Мемлекет басшысының, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды қысқарту қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ойындар бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Ойындардың ұзақтығы бір күнге қысқарып, 8-13 қыркүйек аралығында өтетін болды. Қатысушылар мен елдер саны да азайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемнің 100-ден астам елінен 4000 қатысушы қатысады делінген болса, енді қатысушылардың саны 2000-нан асады деген жоспар бар. Бүгінге дейін 89 мемлекет Ойындарға қатысатынын растады. Бруней-Даруссалам, Либерия, Венесуэла, Ирландия, Доминикан Республикасы, Гамбия сияқты елдер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Корей күресі Ссирым спорттық бағдарламадан шығарылды. Бірқатар спорт түрлері бойынша салмақ категориялары да азайтылды. «Ұлы дала жорығын» қоспағанда, спорттың 10 түрінен тұратын арнайы қойылымдар ойындар бағдарламасынан толығымен алынды. Сонымен қатар, Қырғызстан мен Татарстан Республикаларының басшылықтарының өтініштері бойынша, ойын бағдарламасына Көк бөрі және «Көрәш» енгізілді.

«Шығындарды оңтайландыру бойынша барлық шараларды жүзеге асыра отырып, бастапқы бюджеттен 1,7 млрд үнемдедік. Осыған қарамастан, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Астанада жоғары деңгейде өткізу үшін демеуші ретінде қазақстандық және шетелдік компанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деп мәлімдеді ҚР Туризм және спорт вице-министрі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас серіктесі — «Қазақстан Халық банкі» АҚ, ALAGEUM ELECTRIC электротехника компаниясы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі атанғанын мәлімдеді.

«Серіктестер мен демеушілер бөлген жалпы құны 253 250 002 теңгені құрайтын қаражат жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық ретінде үлестіруге, сондай-ақ Ойындарға қатысушылардың әуе билеттеріне, марапаттау салтанаты өткізілетін алаңдарды дайындауға, естелік медальдар мен сертификаттарды дайындауға жұмсалады», — деді дирекция басшысы.

Дирекция жетекшісі көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдарды да таныстырды.

«Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі — ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар. Медальда спорт, мәдениет, ғылым салаларын қамтитын негізгі 3 символ бедерленген. Осының барлығын Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Шаңырақ көмкеріп тұр», — деп сөзін қорытындылады Наиль Нұров.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев спорттық бағытта атқарылған маңызды жұмыстарға тоқталды.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алаңында 370 төреші 21 спорт түрі бойынша төрешілік қызмет атқарады. Сондай-ақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел құрамасы сапында өнер көрсететін спортшылар мен спорттық жылқылардың функционалдық және психологиялық жағдайын бақылау үшін  ветеринар, биолог, генетик, спорттық психология және медицина мамандарының жетекші ғалымдарынан тұратын екі кешенді ғылыми топ құрылды», — деді ол.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның баспасөз қызметі

Тегтер: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыжеңімпазспорт және туризм министрлігіұлттық ойын
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

28.07.2025
Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

28.07.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

28.07.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

28.07.2025
Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке шабуыл жасалды

Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

28.07.2025
Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

28.07.2025
Қазақстанда жаңа оқу жылы бір күнге кеш басталады

Қазақстанда жаңа оқу жылы бір күнге кеш басталады

28.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты