“Аквапарк – жеке инвестордың жобасы. Оның ішінде тек аквапарк емес, қонақ үй салу мен жағажайды ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қазіргі таңда жағажай төңірегіндегі, инвестициялық тартымды жерлерге инвестор тартуға тырысып жатырмыз. Ал бюджет қаражатын ауылдарды жарық және сумен қамтуға жұмсап жатырмыз. Аквапарк Қонаевта бой көтереді”, – деді Сұлтанғазиев.
Одан бөлек, Қара каньонда 1,5 миллиард теңге аспалы көпір салынады. Ал Ой-Қарағай шипажайын кеңейту үшін 58 миллиард теңге жұмсалмақ.