2021 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 46 701 оқушыға әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 млрд.845 млн. теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 5,4% құрайды (Қ.Р. Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес 2 пайыз).
Оның ішінде:
тамақтандыруға 2,9 млрд.теңге
киім-кешекпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд.теңге
жазғы сауықтыруға 391,6 млн.теңге
Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорына бөлінген қаржы ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы№64 Қаулысында көрсетілген 5 санаттағы балаларға жұмсалады. Олар:
1) мемлекеттікатаулыәлеуметтіккөмекалуғақұқығы бар отбасыларданшыққанбалалар;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын балалар.
Өткен жылдан бері жекелеген санаттағы отбасы балаларын киім-кешекпен қамтуға әр балаға ақшалай 32500 теңгеден бөлінуде. Алдыңғы жылдары сатып алынған киімдердің сапасына ата- аналардың көңілі толмай, көптеген наразылықтар туындады. Ата-аналардың басым бөлігі ақшаның қолма-қол берілуін талап етті.
Осыған байланысты, 2021 жылы қоғамдық пікірлерді ескере келе, ағымдағы жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен киім- кешекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаржыны ақшалай ата- аналардың есеп шоттарына аудару туралы шешім қабылданды. 2022 жылы жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен
ақшалай қамтамасыз етуге жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Киім-кешекке бөлінген қаржы 2022 жылғы 11 тамыздан бастап ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің жеке шоттарына аударылуда. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жаңадан енгізілуде, қаулы күшіне енгеннен кейін қолданыстағы заң аясында жұмыстар жүргізілетін болады.
Жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен қамтуға арналған қаржы ағымдағы жылғы 17 тамызға дейін ата-аналардың жеке шоттарына 100% аударылады. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында киім-кешекпен қамтуға демеушілерді кеңінен тарту жұмыстары жалғасады. Ағымдағы жылғы 1-30 тамыз аралығында «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы
республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. Бүгінгі күні облыс бойынша жекелеген санаттағы отбасынан
шыққан балалардың саны — 47598. Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында жергілікті
бюджет есебінен 43654 балаға (әр балаға 32500 теңгеден)1 млрд. 418 млн. теңгеге киім-кешекке ақшалай, демеушілер есебінен 1518 балаға 28 млн. 710мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Биылғы жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде өңірлік іс шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес акцияны өткізуге облыстық, аудандық, қалалық
ұйымдастыру комитеттері құрылды. Бүгінгі күні акция аясында жергілікті бюджет есебінен 6496 балаға
(әр балаға 32500 теңгеден)211 млн. 120 мың теңге ата-аналардың жеке шоттарына аударылса, демеушілер есебінен389 балаға 9 млн. 498мың теңгеге көмек көрсетілді.
Азаматтардың өтінішіне жедел жауап беру мақсатында басқарма мен білім бөлімдерінде «сенім» телефондары, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім
басқармасы жанынан Call орталық құрылды. Білім басқармасында 1 тамыздан 30 тамызға дейін азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында байланыс
телефондары қызмет етеді: 43-88-39, 43-88-20.
Осындай байланыс телефондары барлық білім бөлімдерінде де қызмет етеді. Акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала
алады. Бүгінгі баспасөз-мәслихатын өткізу мақсатымыз — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа акцияның міндеттері мен мақсаттары туралы ақпарат беру және жамбылдықтарды осы акцияға
белсенді қатысуға шақыру. 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының "Білім
туралы" Заңының 5 бабының 14-1 тармақшасына (Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды: орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына
қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;) және 49-бабының 2-7 тармақшасына (білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтау)сәйкес бірінші сыныптар қою көк түске кезең-кезеңімен
ауысады, ал қалған сыныптар (2-11 сыныптар) алдыңғы оқу жылының мектеп формасын пайдаланатын болады.






