Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің мұғалімі қызметінен бастап, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында аналитик сарапшы қызметі, «Болашақ» бағдарламасымен Калифорния университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп, туған жеріне оралған азамат Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының міндетін атқарушы Олжас Мұсақұловпен сұқбатты ұсынамыз.
Олжас Нұрланұлы, «Жас маман» бағдарламасы бойынша қандай қолдау алдыңыздар?
«Жас маман» жобасы бойынша 2019 жылы біз «Агрономия» және «дәнекерлік ісі» мамандықтары бойынша грант ұтып алдық. Жалпы бюджетіміз 320,0 млн теңгедей болып отыр. Осы жас маман жобасы бойынша бізге «ДОЧФАР61-85» маркалы техниканы Германиядан алынды. Қалғаны агрегаттар мен станоктар. Жалпы жас маман жобасы бойынша шамамен жартысы жеткізілді және жартысы әлі жеткізілу керек.
Қалған техника қай уақытқа дейін келу керек?
Бұл жерде бір кедергілер бар. Былтыр бюджет белгіленген, баға – былтырғы баға, ал былтырғы бағадағы ақшасына биылғы тракторды алып отырмыз. Биыл темірдің бағасы екі есе қымбаттап кетті. Сол сияқты біз үш рет тракторды мемлекеттік сатып алуға шығардық, конкурс ойнатылды, көбісі қатысқысы келмейді.
Сіздер «жас маман» бойынша қатыстыңыздар. Асқар Исабекұлы облыс әкімі болған уақытында сіздерге 400,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Сіздерге қазір бөлінген 320,0 млн. теңге бар. 1 млрд. теңге шамасына жуықтап қалды. Сонымен қатар, 2 ғимараттың жөндеу жұмыстарына 200-300 млн. теңге шамасында қаржы бөлінген етін. Осы 1 млрд. шамасындағы ақша қашан мемлекетке қайтарамыз деп отырсыздар?
Әрине, мемлекет тарапынан барлық қолдаулар жасалып жатыр. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы жаңашылдықты жеткізді. Әрбір колледж ақылы түрде қызмет көрсете алады және өнім шығара алады. Осында өзіміздің жылыжайымыз бар, станоктарымыз бар, цехтарымыз бар. Енді болашақта сол өнімдерді шығарып, қызмет көрсетіп….
Олжас Нұрланұлы! Сұрақты басқашалап қойайын! Өзіңіз «Болашақ» бағдарламасының түлегісіз, шетел көргенсіз және экономикалық біліміңіз бар. Сіз өзіңіздің туған өлкеңізге келгеннен кейін сізде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларыңыз болады. Осы қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларыңыздың негізге алып, 1 млрд. теңге шамасындағы қаржыны қалай қайтарамыз деп отырсыз?
Ол ақшаны толығымен бірқалыпта қайтару қиындау болады. Жалпы, бұл қолдау – балалар үшін. Балалар үшін қаржы беріліп жатыр. Біздің басты мақсат – колледжде оқыған балалардың білімі, сана-сезімі.
Сұрағымды тағы нақтылайын! Сіздің экономикалық біліміңіз бар. Өзіңіз елге оралып, осында ұзақ және қысқа мерзімді жоспарларыңыз бар. Менің айтпағым, бөлінген қаржыны бюджетке қайта салу қажет деп отырғаным жоқ. Өздеріңіз өнім шығарып, сол қаржы мөлшеріне қашан жететіндіктеріңізді сұрап отырмын. Нақты сұрақ осы. Біз экономикалық тұрғыда да, саяси тұрақтылы бойынша да, бірінші біз капитализмда өмір сүрудеміз. Өйткені ақшамен барлығы өлшенеді, белгіленеді, есептеледі, беріледі.
«Өзіңіздің колледжіңіздің айналымы немесе бес жылда осындай айналымға жетеміз, осындай жоспарларымыз бар, біз айта алмаймыз бес жылда деп, бірақ он жылда 1 млрд. теңге ақша таба аламыз, өйткені, біздің әлеуетіміз бар деп, осы тұрғыда тұратын болсақ, әрі қарай сол көрсеткішке жете аламыз»,- деп айтатын сіздің қандай жоспарларыңыз бар? Сұқбат алдында өзіңіз айтып өттіңіз, 1,2 млн. теңге осы жазда табыс таптық деп. Тура осындай табыспен 1 млрд. теңге табысқа қанша уақытта жете аласыздар?
Өзімнің мамандығым – экономист. Жобалағанда 1 млрд. теңге ақшаны 10-15 жылда ақтауға болады.
Міне, менің нақты сұрап отырғаным осы. Өзіңіз айтып өткендей қияр саттыңыздар. Биыл не саттыңыздар?
Биыл осы қыста қияр саттық . Ал осы жазда біз сатқан жоқпыз. Біздің өзімізде 20 шақты қой, 2 сиыр, 2 жылқымыз бар. Оны да ұстау үшін шөбі керек. Біз өзіміз шығындалмау колледж бірлігінде үшін 92 га. жеріміз бар. Өзіміз өнімді сол жерде өсіріп, жалпы арпамызды егіп, сол жерден өзімізге, колледжге 6,5 т. арпамызды, 300-400 шөп орамын жинап қойдық.
Ал енді өзіңіз айтқан 1,2 млн. ақша қайдан шықты?
Жалпы сомасы, арпасы бар, шөбі бар. Одан бөлек кассаға түскен ақша бар. Жалпы сомамен болжамдағанымыз 1,2 млн. теңге.
Енді әрі қарай жалғастырасыздар ма? Биыл өнім шығарасыздар ма?
Әрине. Енді жас маман жобасы бойынша «Дәнекер» мен «Агроном» мамандықтарына шетелден, Германиядан тракторлар келіп жатыр. Біз ақылы түрде қызмет көрсетеміз. Біз алма бағына барып, дезинфекция жасап, ақысы 30-40 мың теңге шамасында болады. Оның 10-20 пайызы мұғалімдерді мотивациялауға арналады.
Енді сіздер дәнекерлеушімен, агрономмен сауда-саттыққа шығасыздар. Ал сүт өнімін өңдеуге, ауылшаруашылығын дамытуға арналған техникаларыңыз тұр. Бірақ, оған сіздер толықтай дайын емессіздер. Енді аталғандардың барлығын игеріп, пайда табуға қашан көшесіздер?
Заң биылдан бастап шықты. Оған дейін рұқсатымыз жоқ болған. Ақылы түрде қызмет көрсетуге рұқсат берілгеннен кейін, биылдан бастап ұзақ және қысқа мерзімді жоспар қоямыз.
Биыл бірінші курсқа неше бала түсті?
Бізге мемлекеттік тапсырыс бойынша 142 бала оқуға қабылданды. Оның 72-і мемлекеттік грант, 70-і «Еңбек» бағдарламасы арқылы. Жалпы білім алушылар саны 590 шамасын құрайды.
Ал іс-тәжірибе Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев кезінде «Шәушен» ШҚ өтелетін. Қазіргі байланыстарыңыз қандай?
Бізде өзіміздің әлеуметтік серіктестеріміз бар. Бізде бүкіл аудан бойынша, нақты саны белгісіз, 40-қа жуық шаруа қожалықтары бар.
Алдағы уақытта колледждің жылдық табысы қанша болуы мүмкін? Қазір бірінші басшы ретінде қалай болжамдай аласыз?
Қазіргі ең басты мәселе – кадр мәселесі. Жас маман жобасы бойынша жақын арада дәнекерлеушілерге лазерлі станок алып келеді. Оны әрине алып келіп, үйретеді. Бірақ оған икемі бар адам, компьютерді жақсы білу керек, дәнекерлеуші өз жұмысын жақсы білу керек. Осындай кадрлар қалаға қарағанда аз. Кейбір мектептерде информатика пәнінен сырттай оқып келіп, компьютердің құрылғыларын білмей жатады, өйткені сырттай оқып алған. Сол сияқты, әрине, білетін мамандар да бар. Бірақ, кейбір кездері өзінің кәсіби деңгейіне жетпейтін мамандар бар. Бірінші басшы ретінде мамандарымызды біліктілікті арттыру бойынша оқуға жібереміз. Жалпы бұл жерде мамандарға байланысты. Мамандар жақсы жұмыс істеп жатса, ,жалпы болжамымыз жылына кем дегенде 20-30 млн. теңгеге дейін табуға болады деп ойлаймын. Колледж бірлігінде 2 комбайн бар. Оны уақытында қолдана отырып, болжам бойынша 5 млн. теңгеге дейін табыс табуға болады. Екі комбайннан 10 млн. теңгеге дейін болады. Жылыжайдан да өнім табуға болады. Ол да кадрға байланысты. Мысалы, 15 минутқа есікті ашық қалдырсаңыз, өзіңіз өндіруді қолға алған жұмысыңызды жоғалтып алу қаупі бар. Бұл да тәуекелділікті талап етеді. Жалпы колледж өзінің айналымын 4-5 жылда қалыптастырып, өнімдерін шығарып, айналымға енгізеді дегшент ой, жоспарымыз бар.
Жалпы Құлан ауылында жұмыс жасаған қалай екен?
Осы наурыз айында ашық есік күні болды. Мектептен оқушылар келді, таныстырылым болды. Мен өзім университетті қызыл дипломмен бітірдім, магистратураны бітірдім, жалпы «Болашақ» бағдарламасының түлегі болдым. Шетелге барып, оқып, біліп келдік. Осының барлығын балаларға айтып жатырмын, 17-18 жаста қаны қызып тұрған кезде, шетелге барып, тілді меңгеріп, бос жүрмеу керек. Спорт болсын, білім болсын, оған талпыну керек. Сол уақытта балаларға сұрақтарыңыз бар ма десем: «Не себепті ауылға келдіңіз?»,-деген сауалдары болды. Мен өзім патриотпын, Отансүйгішпін, өз елімде, өз ауылымда қызмет етпесем дегенлдей.. Тұлға болмасаң жануармен айырмашылығың жоқ. Баратын жерге барып, ұйықтайтыны ұйықтайды. Егер біз қоғамға бір пайдамызды әкелмесек, онда біз адам ретінде санауға болмайды деп ойлаймын. Өйткені, көзқарастар мүлдем бөлек.
Қандай шетелдік білім мекемелерімен байланыстарыңыз бар? Шетелдік білім мекемелерімен қосдипломды білім беру бағдарламасын енгізу ойда бар ма?
Әрине, бар. Бірден АҚШ қарасты колледждермен келісімшарт жасау қиындау болады деп ойлаймын. Бірақ, ТМД елдерінің ішінде Белоруссия ауылшаруашылығы ең дамыған елдер қатарында. Бұл елде ауылшаруашылығы өте жақсы дамыған. Олардан да тәжірибе алуға болады.
Жоспар бар ма? «Бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығарып». Мамандармен алмасып деген секілді?
Әрине, болашақта бар. Біздің мұғалімдер шетелге де барып келді. Болашақта өзімнің ойым, әрине, басқа мемлекеттермен ауылшарушылық саласында бір жобалар болса деген ой бар. АҚШ-да 330 млн. адам тұрады. Оның толығымен 1 пайызы ғана АҚШ-ын ауылшаруашылығымен қамтамасыз етеді. Ал Қазақстанда 45 пайызы қалада, 55 пайызы ауылда тұрады. Болашақта бізге міндетті түрде өндіріс шығару керек. Кез келген отбасы соғым сояды. Біз теріні өңдемейміз. Теріні 100 теңгеге де алмайды. Ауылшарушылығы саласында біз осы мамандарды үйретіп, «Қарапайым заттар экономикасындағы» , кілт болсын, балға болсын шығарылмайды. Қаншама шикізаттар бар, мұнайымыз бар, мысалы, көлік дөңгелегін шығаруды қолға алу керек. Мысалы, біз 100 теңгеге өткізе алмай тұрған теріміз, қайта айналып 500 мың теңгені құрап, бағалы тон болып сатылып жатыр.
Әсерлі әңгімеңізге рақмет! Жүйелі жоспарларыңыз жүзеге аса берсін!
Сұқбаттасқан Исламбек Дастан
Сұқбат «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен дайындалды.