• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

2029 жылға дейін ауылда 1 млн жасты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр – Д. Қыдырәлі

15.03.2023
0
2029 жылға дейін ауылда 1 млн жасты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр – Д. Қыдырәлі
35
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қаралды. Мәселе бойынша ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі баяндама жасады.

«2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына қатысты айтылған ескертулер мен ұсыныс-пікірлер ескеріліп, қайта пысықталды. ҚР Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімдерімен, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен және орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, бірқатар өзгеріс енгізілді», — деді министр.

Атап айтқанда, индикаторлар саны 10-нан 12-ге, кешенді іс-шаралар саны 72-ден 80-ге артты. Тұжырымдаманың негізгі идеясы – «Жастар үшін» парадигмасын «Жастармен бірге» бағытына ауыстыру. Аталған құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұрады.

«Жастар және ауыл» бағыты. Бүгінде жастардың 43,7%-ы ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Сонымен қатар кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

«Жоғарыда аталған шаралар аясында 2029 жылға дейін 1 млн ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 млн жастың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 млн жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген», — деді Дархан Қыдырәлі.

«Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға атсалысу» бағыты. Мемлекет басшысының саяси реформалары аясында бекітілген жастарға арналған 30% квота олардың саяси белсенділігін арттыруға серпін берді. Министрдің айтуынша, сондықтан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастарды мектеп пен студенттік кезден өзін-өзі басқаруды, пікірталастарды дамытудан бастап, мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестеріне қатысуға дейінгі шешімдер қабылдау процесіне біртіндеп тартуды көздеп отыр.

Нәтижесінде 2029 жылға дейін қоғамдық кеңестердегі жастар квотасын 20%-ға арттыру, жас мемлекеттік қызметшілердің көрсеткішін 25%-ға ұлғайту, 2,2 млн жасты волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тарту жоспарлануда.

«Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие» бағыты. Тұжырымдамада мемлекеттік тілде заманауи зияткерлік ойындарды насихаттау, отбасын қолдау орталықтарын жетілдіру, сондай-ақ жастар арасында өз мемлекетін қорғауға дайындықты нығайту жұмыстары іске асырылады.

2029 жылға дейін «Айбын», «Найза» ойындарына қатысушылар саны 22мыңға, әскери музейлерге баратын жастардың санын 75 мыңға артады және 880 мың жас әскери-спорттық іс-шараларға қатысады деп жоспарлануда.

«Салауатты өмір салты» бағыты. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, жастарды бұқаралық спортқа тарту үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту да жүргізіледі. Нәтижесінде жастардың репродуктивті денсаулығының алдын алу және қолдау мәдениетіне көңіл бөлінеді. АИТВ-инфекциясына тегін тестілеумен қамту және осы проблеманың алдын алу кеңейтіледі.

Сондай-ақ өңірлердегі 2 мыңнан астам спорттық жастар клубының инфрақұрылымын әрі қарай дамыту қарастырылуда. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған 6 мыңнан жуық ақпараттық телеөнім әзірленіп, жарияланады. Жастар денсаулығы орталықтарында жастарды психикалық және репродуктивті денсаулықтың профилактикасымен қамту үлесі 3 млн-ға дейін ұлғаяды.

«Жастар әлеуеті және кәсіпкерлік» бағыты. Жұмысқа уақытша орналаспаған жастар көрсеткішін төмендету мақсатында кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша еріктілер жобалары іске асырылады. Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Пысықтау нәтижесінде қосылған индикаторлардың бірі – жастарды жұмыспен және жоғары біліммен қамту. Нақтырақ айтқанда, 2,3 млн жасты жұмыспен, 2,8 миллион жасты жоғары біліммен қамту көзделіп отыр.

«Ақпараттық кеңістік» бағыты. Жаңа медиаға және жастар арасындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен жұмыс істеуге баса назар аударылады. Қолдау шаралары «бір терезе» қағидаты бойынша ыңғайлы цифрлық форматта жиналады. Іске асырылып жатқан шараларды объективті бағалау үшін жастарды дамыту индексі енгізіледі.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бірыңғай республикалық ғылыми-әдістемелік институтқа трансформацияланады. Нәтижесінде 90% жас мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болады деп күтілуде.

«Оқу-ағарту және мәдениет» бағыты. Шығармашылық индустрия жастардың қызығушылғын оятып, өз қабілетін жүзеге асыратын ортаға айналады. Дарынды жастарды қолдау жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде әртүрлі гранттық жобаларды іске асыру жалғасады.

«Астана, Алматы және Шымкент қалаларында креативті кластерлер құру – жоспарда. Жастар мен волонтерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды гранттық қаржыландыру ұлғаяды. Нәтижесінде мәдени-шығармашылық іс-шараларға жұмылдырылатын талантты жастардың саны 500-ден 1,1 млн адамға дейін артады және жыл сайын 1 000 жас ғалымның зерттеуіне грант беріледі», — деді министр.

Д. Қыдырәлінің айтуынша, жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен көзделген қаражат барлығы 492,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет – 385,6 млрд теңге, жергілікті бюджет – 106,5 млрд теңге.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты