• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

2020 жылы 41 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтерген

turan_admin turan_admin
10.12.2020, 16:37
Облыс жаңалықтары
2020 жылы 41 кәсіпорын қызметкерлерінің  жалақысын көтерген
193
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Пандемияға байланысты өтіп бара жатқан жыл аймақтағы көптеген кәсіпорындар үшін оңайға соқпағаны анық. Дегенмен, мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес еңсесін тіктеп, өз қызметкерлеріне ауырлық салмай жұмысын жалғастырды деуге болады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың орта және ірі бизнес субъектілерінің басшыларымен кездесуі барысында айтылды.

— Ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Бұл сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетті. Өйткені, бірінші кезектегі міндет жұмыссыздықтың ұлғаюуына жол бермеу болды.  Керісінше, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде бір жыл ішінде жұмыс орындары санының артқаны байқалды. Сіздерді осы бағытта жұмыстарыңызды жалғастыра түсуге шақырамын. Жалақы мен сыйақы уақытылы төленуі тиіс, — деді  облыс әкімі кәсіпорын басшыларына.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл филиалының директоры Үмітбек Рысбеков ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Компания жыл сайын қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп отырады десек, пандемияға қарамастан жалақыны өсіру үрдісі биыл да жалғасын тапқан.
«Рысбаева и К» ЖШС көп жылдан бері өңірдегі табысты кәсіпорындардың бірі болып келеді. Директоры Сәуле Рысбаева атап өткендей, бүгінде компания өз қуаттылығын арттыруда десек, оған кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр.

— Қазір біздің кәсіпорын кеңейе түсті. Өз мектебіміз және шаруа қожалығымыз бар. Біз босыған дейін мемлекеттік қазынаға 201 миллион теңге салық аударымдарын түсірдік. Оның ішінде, өткен жылы 17 миллион теңге, ал ағымдағы жылы 10 миллион теңге аударып үлгердік. Ең бастысы – бір де бір қызметкердің қысқаруына жол бермедік, — деп атап өтті С.Рысбаева.

Сондай-ақ,  басқосуда «Әмір және Д» ЖШС бөлшек дәріханалар желісінің директоры Қарлығаш Қаймолдаева өз кәсіпорнының қызметі туралы қысқаша айтып өтті.

— Біздің қызметтер мен тауарлар сапа стандарттарына сай. Пандемия кезінде біз бүкіл облыс бойынша бөлшек сауда желісі арқылы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге тырысудамыз,-деді ол.

Ал, еңбек инспекциясының басшысы Қайрат Досаев еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы туралы тілге тиек етті.

— Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас ведомствоның үнемі бақылауында. Ағымдағы жылдың басынан бері облыста еңбек жанжалдары орын алған жоқ. Еңбек қатынастары саласындағы жағдай тұрақты. «Ыстық нүкте» картасы әзірленді десек, оған 45 кәсіпорын енгізіліп,  бақылауға алынды. Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда 454,9 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек анықталған болатын. Бүгінгі таңда ол толық өндірілді. Осылайша, 4 мың жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды, — деп атап өтті Қ.Досаев.  

Оның айтуынша, жұмыс берушілер көбіне еңбек заңнамасының қарапайым талаптарын сақтамайды, ол өз кезегінде қызметкерлердің шағымдарының тууына әкеп соғады. Көбінесе, бұл қызметкерлерді демалыс, мереке және түнгі уақытта жұмысқа тартуға, тиісті өтемақыны төлемеуге қатысты.

Айта кетейік, өңірдегі 70 ірі және орта кәсіпорынның 41-і   19,3 мың жұмысшының жалақысын орта есеппен 26 пайызға көтерген. Қалған кәсіпорындардың басшылары қаржы-экономикалық жағдай тұрақтанса, жалақыны көтеру мәселесін қарастыратындықтарын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.