• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

10 МУЗЕЙДІҢ ВИРТУАЛДЫ ТУРЛАРЫ ӘЗІРЛЕНГЕН

turan_admin turan_admin
07.08.2021, 21:15
Облыс жаңалықтары
ТЕАТР.ТАНЫМ.МӘДЕНИЕТ
345
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биылғы жылы К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның тарапынан тарапынан дарынды жастарды қолдау, орындаушылық шеберліктерін шыңдау мақсатында халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» Х Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы телевизиялық форматта онлайн өткізілген.

Бейне нұсқасы филармонияның ютуб арнасына жүктеліп, облыстық телеарналарда насихатталып, іс-шара барысында «Шырқа, даусым» атты СД жинақтың тұсауы кесілген. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның құрамындағы шығармашылық ұжымдар жыл басынан бері 136 концерт ұйымдастырып, оған 43 мыңнан аса көрермен қамтылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына отыз концерт атты сазды керуен  жобасы аясында К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары облыстың елді-мекендерінде 25 мамыр  — 10 маусым аралығында Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарында гастрольдік концерттер ұйымдастырған. Басқарма тарапынан «Жамбыл – дүлдүл, Кенен – бұлбұл» атты мерекелік концерт, «Жыр дүлдүлі – Жамбыл» атты көрме,  Жамбылдың шөбересі Мұратхан Жамбыловтың қатысуымен «Айтыстың ақтаңгері, өлең жырдың дүлдүлі» дөңгелек үстел,   өзге ұлт өкілдері арасында «Жамбыл жырлары» атты республикалық байқау, Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты онлайн телекөпір, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылған. Аталған айтысқа Жамбыл облысынан 10 ақын, өзге облыстардан 10 ақын қатысқан.

Облыстық драма театр ұжымы «Жыр алыбы – 175» айдарымен «Атыңнан айналайын Әулиеата», «Ленинградтық өренім», «Ақын мен батыр», «Халықтар достығы», «Баталы ер арымас», «Жамбыл жырлары» бейнероликтер топтамаларын әзірлеп, олар әлеуметтік желілер мен жергілікті телеарналарда жарияланған. М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Баласағұн» орталық концерт залында облыстың өнер ұжымдары мен елімізге белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты поэтикалық-сазды кеші өтті. Шара барысында Алматы облыстық М.Мақатаев әдеби-мемориалды музейінің қорынан «Алаш жырының ақиығы – мұзбалақ Мұқағали» жылжымалы көрмесі жасақталып, аталған көрме облыстық музейде 1 апта бойы келушілер назарына ұсынылды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасына қарасты Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдығына орай Тоқпановтың танымал шәкірттерін шақыра отырып, «Асқар Тоқпанов – тұңғыш кәсіби режиссер, талантты актер, ұлы ұстаз» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция және театрландырылған композициялық қойылым дайындау жоспарлануда.

Көктем мерекесі қарсаңында жамбылдық қыз-келіншектер арасында «Әулиеата бұрымдылары» атты облыстық Оnline-байқауы мен Күләш Ахметованың 75 жасқа толуына орай «Жапырақ – жаздың жүрегі» және дүниеден өткен ақын Нарша Қашағанұлының 70 жылдығы қарсаңында «Наршаның сөзі – баршаның сөзі» атты әдеби-сазды кештері өткізілді. Облыс музейлерінде 110887 экспонаттарды 14845 келушілер тамашалап, 1063 экскурсия, түрлі тақырыптарда 211 көрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар, облыс бойынша 10 музейдің виртуалды турлары әзірленген.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: концертмәдениетмузейэкспонат
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.