Оңалту орталықтары жоқ жерлерде тиісті орталықтар ашу жоспарланып отыр.
«Алдағы жылы 1 қаңтардан бастап жан басына шаққандағы төлемдерге көшу көзделген. Әр азаматқа үйдің қасынан қызмет көсретуге тырысамыз. Ол үшін әлеуметтік қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде, видео сабақтар мен дәрістер дайындалып, Skills.enbek-ке шығарылады. Қазіргі уақытта қызмет көрсетіп отырған азаматтар арасында белсенділерді оқыту жұмыстарына тартып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін тәжірибе алмасу алаңы құрылуда», — деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі