• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 21:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуларда ҚҚС қалай есептеледі

Келер жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
05.12.2025, 13:38
Қазақстан жаңалықтары
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуларда ҚҚС қалай есептеледі
18
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл орайда ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жоспарлап, орындау кезінде қосылған құн салығын есепке алудың тәртібін түсіндіруді орынды деп санайды.

2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары бекітілген бюджеттер мен жеке қаржыландыру жоспарлары негізінде қалыптастырылады. МСА жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жылдық жоспар алдын ала жылдық жоспар мен аванс сомасын қоса алғанда, ҚҚС есебінсіз жасалады.

Осы ретте ҚҚС мен акциздерді төлеу шарттары жоспардан тыс тікелей сатып алу рәсімінің қорытындылары бойынша жасалатын келісімшартта көрсетілетінін айта кетейік. Бұл салық және кеден заңнамасының талаптарына сай келеді.

Салық кодексінде қосылған құн салығы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша жасалатын айналымға есептелетіні, ал айналым жасалған күн ретінде тауарды өткізу күні немесе орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күн қабылданатыны белгіленген. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% деңгейінде болып, бұл тәртіп бұған дейін жасалған келісімшарттарға да (барлық салық салынатын айналымға) қолданылады.

ҚҚС төлейтін тұлғалар (жеткізушілер) Салық кодексінің талаптарына сәйкес шот-фактураларды ұсынуға міндетті. Егер жеткізуші ҚҚС төлеуші мәртебесін өзгертсе, заңмен мемлекеттік сатып алу келісімшартына түзетулер енгізуге, соның ішінде келісімшарттағы соманы тиісті салық мөлшеріне сай түзетуге рұқсат беріледі. Десе де жеткізілетін тауарлардың сапасы мен жеткізу шарттары өзгеріссіз қалатынын ұмытпаған жөн.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қызмет көрсетушінің мәртебесін автоматты түрде ескеріп, келісімшартта ҚҚС сомасын қалыптастырады, сондай-ақ бағаны позициялар бойынша салық салынатын және салынбайтын ҚҚС-қа бөлуді қарастырады.

Демек, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын орындау кезінде, егер де қызмет көрсетуші айналым жасалған сәтте ҚҚС төлеушісі болып саналса, келісімшарт жасалған күнге қарамастан 16% мөлшеріндегі ҚҚС салынады.

Қаржы министрлігінің міндеті – мемлекеттік сатып алу ісінде ҚҚС қолданылуын барлық қатысушыға барынша ашық және түсінікті ету. Осы мақсатта мемлекеттік сатып алу веб-порталы техникалық тұрғыдан пысықтаудан өткізілді. Енді жүйе қызмет ұсынушының ҚҚС төлеушісі екенін автоматты түрде анықтап, келісімшарттағы қорытынды әрі нақты соманы түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл қандай да бір сәйкессіздіктердің алдын алуға, дауды азайтуға және салық заңнамасының бірізді қолданылуын қамтамасыз етуді көздейді.

Қаржы министрлігі

Тегтер: қаржы министрлігіҚосымша құн салығы (ҚҚС)САЛЫҚ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.