Бүгін, Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс жұртшылығымен болған кездесуде Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген бірінші болып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Тараз – Әулиеата жерінің құндылықтарын айта келіп, кәсіподақтың атынан еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге қатысты ұсыныстар білдірді. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігін сақтау өте өзекті мәселе. Бұл ретте, елімізде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан жазатайым оқиғалар азаймай отырғанын алға тартты. Сол себепті, еңбекті қорғауды басқару жүйесін заңды деңгейде енгізуді, қауіпсіз жұмыс орнын қамтамасыз еткен жұмыс берушілерге экономикалық ынталандыру шараларын жасауды және еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелерін айтты.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев қорытынды сөзінде кәсіподақтардың ұсынысы өте орынды және өзекті екеніне мән беріп, айтылған ұсыныстарды қарастыру үшін Үкіметке тапсыратынын мәлім етті.
TURANINFO.KZ