Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Марат Сейітбекұлы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы» баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі Штаб құрылып, облыстық мәслихат шешімімен штаб құрамы бекітілді. Штаб құрамы мерзімінде жаңартылып тұрады.
Жыл басынан облыстық штабтың 20 отырысы өткізіліп, Тараз қаласының, Шу, Қордай, Жуалы аудандарының есептері тыңдалды.
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен аудан және Тараз қаласының әкімдері арасында келісімге қол қойылды. 8 айдың қорытындысы бойынша 330834 мың адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап, МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 10430 үй араланды.
Тараз қаласы мен аудан әкімдері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы тарапынан төмендегі іс-шаралар атқарылды:
1) қоғамдық орындарындағы, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы және денсаулық сақтау ұйымдарындағы 184 дисплейлерде бейнероликтер көрсетіледі.
2) 14 қоғамдық сауда орындарында аудиороликтер қойылуда.
3) тұрғындарға 70362 дана ақпараттық-жарнамалық материалдар таратылды.
4) БАҚ-тарда 198 мақала жарияланды.
5) Облыстық «Jambyl», «77 ТВ» телеарналарында 20 сюжет берілді.
6) Әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда, мобильдік қосымшаларда — 256 ақпарат орналастырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін түсіндіру бойынша 2018 жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы медиа-жоспарына сәйкес аудандық баспасөз ақпарат құралдары «Жамбыл Тараз», «Талас Тынысы», «Знамя труда», «Жаңа өмір» және «Шұғыла» атты газеттерде мақалалар басылып шықты.
Сонымен қатар, қаланың ірі және орта кәсіпорындарының ұжымдарына МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді («Арайстроймаркет», «Керамик-Инвест», «Жамбылхимстрой», «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС және т.б.). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — деді Марат Жұманқұлов.