Аталған іс-шараны «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің тапсырысы аясында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.
Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, әрі заңгер – Исламбек Дастанұлы, жобаның менеджері әрі «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Еркін Қайырбекұлы, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» бас маманы – Әсілбек Нұргүл, «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Жуалы аудандық ПҚБ» бастығының м.а. әділет капитаны Б.Бекмолдаев және аудан тұрғындары іс-шараға қатысты.
Тренингтің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне орналасуға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін , сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайтыны жайлы мәлімет беру. Тұрғындардың заң бойынша сауаттылықтарын арттыр, әр адамның өз құқықтары жайлы толықтай түсіндіру.
Нақты мақсатқа бағытталған тренингте спикерлер тарапынан аудан тұрғындарына пайдалы ақпараттар берілді. Мәселен, заңгер Исламбек Дастанұлы – «Кто убийца» атты кітапты мысалға ала отырып, көптеген адамдардың жіберетін қателіктерін атап өтті және де заңгер ретінде өз кеңестерімен бөлісті. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» бас маманы – Әсілбек Нұргүл — құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік органдар жайлы және т.с.с. ақпаратпен бөлісті. Ал «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Жуалы аудандық ПҚБ» бастығының м.а. әділет капитаны — Б.Бекмолдаев аудан тұрғындарына құқық қорғау органының тәртіптік комиссиясы – тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдарын қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау, лауазымнан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында құқық қорғау органында құрылатын тұрақты алқалы органдарға және т.б құқықтар туралы заңдарға тоқталып өтті. Шараның модераторы, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Еркін Қайырбекұлы өз кезегінде тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі қағидаларын) (құқық қорғау органдарында қолданыстағы қызмет әдебі қағидаларын) бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы және «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия» туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті.