Бүгін Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Жуалы ауданы әкімі Нарбай Ергебеков жұртшылық алдында есеп беруде. Есепті кездесуді Жуалы аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков модераторлық етуде. Аудан әкімі айтуынша «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жобамен жұмыстар жүргізіліп, пайыздық мөлшері субсидияланатын барлығы 270,0 млн. теңгеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 20 жоба жалпы құны 409,8 млн.теңге несиеге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама негізінде мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі облыстық конкурстық комиссияға 44 жоба ұсынылып, 2 жеке кәсіпкер мемлекеттік грантты жеңіп алды. (ЖК «Бектурганов» және ЖК «Ахмадбекова А.Ж». Жалпы 8 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде). (Жобалар құны 8 млн теңге) Бүгінгі таңда аудандағы 4 шағын микрокредиттік ұйымдар арқылы өткен жылы 3491 адамға 2 660,0 млн. теңге несие таратты. (2019 жылдың осы мерзімінде 4501 адамға 2 628,9 млн. теңге, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда берілген қаражаттың сомасы артқан).
«Асар» жобасы аясында ауыл тұрғындарын және аудандағы кәсіпкерлерді ұйымдастырумен әр ауылдағы жағдайы төмен мұқтаж тұрғылықты үйлері жоқ азаматтардың отбасыларына баспана соғып немесе сатып алып беру жұмыстарын жүргізіп өткен жылы 10 отбасы баспаналы болды. Бұл үрдіс осы жылы да жалғасын табатын болады.
Бауыржан Момышұлы қайырымдылық қоры арқылы және аудан демеушілері тарапынан «Мейірім» жобасы және «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде мұқтаж 3733 отбасына 70,8 млн. теңгеге түрлі форматта әлеуметтік қолдаулар көрсетілді. Аудандағы «Қамқор» еріктілер ұйымы арқылы мұқтаж 267 отбасына 2,5 млн. теңгеге көмек көрсетілген.
Бұдан бөлек, «Жомарт жүрек» акциясы аясында ерікті жастардың қатысуымен аудандағы жалғыз ілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 28 тұрғын үйлеріне ағымды жөндеу жұмыстары жасалып, індет кезінде еріктілер тарапынан 12,5 мың бетперде таратылды.