Айшықты мереке күні «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Жамбыл облыстық филиалында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Филиал директоры Мырзахмет Ибрагимов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, ел аман, жұрт тыныш болсын деп тілегін білдірді.
• Кез келген мемлекеттің егемендігі мен бір тұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі – мемлекеттік рәміздер. Жалпы, туған жерге деген сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Өйткені, мемлекеттік рәміздер – ел имиджінің ажырамас бөлігі, азаматтық патриотизмнің айқын көрінісі, — деді Мырзахмет Қраубекұлы.