Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған облыстық актив жиыны басталды. Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және жастар қатысуда.
— «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға осы мақсатта жоспарланған 1,2 млрд. теңгені кемінде 2 есеге ұлғайту қажет. Бұл жаңадан ашылатын кәсіпкерлік пен кәсібін кеңейтетін бизнестің үлесін 30%-ға арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде аймақта 2343 POS-терминал, 379 банкомат, 732 төлем терминалдары мен банктік киоскілер жұмыс істеп, 1085 сауда орнында кассалық операциялар электронды есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады — деп баяндады Асқар Исабекұлы.
Айта кетерлігі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 101 мыңға жуық қызметкер үшін ең төменгі жалақыны 28284 теңгеден 42426 теңгеге дейін өсіру үшін облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстары қайта қаралатын болады.