Бес жыл бұрын құрылған осынау кәсіпорынның өңірлік филиалының инженері Тойшыбай Әлиахметовтің айтуынша, жыл басынан бері жолшылар қыруар жұмыс атқарған. Тәжірибелі маман есепті кезеңде 305 нысанға жасалынған 569 іссапардың нәтижесінде бірқатар кемшіліктерді анықтаған жеткізді.
• Бұл күндері жол-құрылысы материалдарынан 1563 дана үлгі алынып, сынақтан өткізілді. Нәтижесінде 14 дана материалдың тиісті талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Барлық анықталған ақаулар бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымына хат жолданды. Түптеп келгенде, мердігер ұйымдары жұмыстың сапасына көп көңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнату технологиясын қатаң сақтау қажет. «Жол жаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді» деген тәмсіл бар. Ал, бүгінде ел ішіндегі кейбір тас жолдардың сапасы мәз емес екені анық, — деді Т.Әлиахметов.