Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Габдуллина хабарлады.
Қазіргі таңда бұл материалдар зертханалық сынақтардан сәтті өтті, енді олар елдің әртүрлі жол учаскелерінде сынақтан өткізілмек.
Сынақ нәтижелері қай технологиялардың кеңінен қолдануға қолайлы екенін, ал қайсысының практикалық тексерістен өтпейтінін анықтауға көмектеседі. Мұндай тәсіл жол құрылысының сапасын жақсартумен қатар, инновациялық шешімдерді алдын ала іріктеудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Сынаққа ұсынылатын шешімдердің арасында отандық ғылыми әзірлемелер де бар. Мәселен, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ мамандары QSmart бренді аясында 10-нан астам инновациялық өнімді қамтитын жаңа технологиялар мен материалдар желісін әзірлеуді екінші жыл қатарынан жалғастырып келеді.
Биылғы сынақтарда QSmart брендімен өндірілген топырақты тұрақтандыру мен нығайтуға арналған QSmart-S қоспасы, QSmart-PM битум мен асфальтбетон қоспаларының модификаторы, цементбетон жабындарына арналған QSmart-P, шаңды басатын материалдар QSmart-AntiDust және басқа да перспективалы өнімдер ұсынылады.
Барлық сынақтар RCM base цифрлық платформасы аясында жүргізіледі.
Көлік министрлігі