• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Жатақхана мәселесі жақын арада шешілетін болады

15.06.2019
0
Жатақхана мәселесі жақын арада шешілетін болады
379
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Медициналық білім беру саласы әрқашан қоғамда ерекше көңіл аударатын, маңызды әрі өте жауапты сала. Бұл тұрғыда медициналық оқу орындары туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Медицинаның дамуы, алға жылжуы – медициналық білімнің ілгері дамуымен тікелей байланысты. Жалпы, медициналық білім беру – Қазақстанның денсаулық сақтау саласының қалыптасу жолының айнасы. Осы орайда, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры, дәрігер-педиатр, жоғары санатты оқытушы Жәмила Сарыбековамен сұхбаттасқан едік.

– Жамиля Нұрғалиқызы, сіз басқарып отырған колледждің 80 жылдан астам тарихы бар. Қазіргі таңда оқу орнымен онда білім алып жатқан студенттердің жағдайы қалай?
– Біздің медициналық колледжге ағымдағы жылдың 12 ақпанында 83 жыл толды. Іргетасы алғаш 1936 жылы қаланған білім ордасы 2 жылдық мейірбике мектебі ретінде жұмысын бастаған болса, бүгінде таңда жоғары медициналық колледжі атағына ие болып отыр. Яғни, өзінің 83 жылдық тарихында мектеп те болды, училище де болды, колледж де болды. Осындай білім берудің даму сатыларынан өткен колледж бүгінгі күні таңда жоғары колледж деген статусқа қол жеткізді. Бұл әрине осында жұмыс атқаратын ұстаздардың ерен еңбегі екендігі. Қазіргі таңда колледжде 2095 студент негізгі 3 мамандық, 4 біліктілік бойынша білім алуда. Нақытырақ айтсам, 3 мамандығымыз ол — емдеу ісі, мейіргер ісі және формация мамандықтары. Жалпы, медицина мамандығы ең керек мамандықтардың бірі. Себебі, адам өміріндегі ең маңыздысы — оның денсаулығы. Сол денсаулыққа жауап беретін біздің мамандар. Еліміз бойынша 80-нен астам колледж бар. Оның ішінде 26-сы ғана мемлекеттік статустағы колледждер, қалғаны жекеменшік екен. Осыншама орта оқу орындары арасында біздің колледждің өзіндік орны бар. Олай дейтінім, әр түрлі мамандық бойынша өтіп жатқан байқауларда студенттеріміз алған теориялық білімдерін іс жүзінде дәлелдеп, үздік екендерін көрсетуде. Мәселен, «Үздік фельдшер», «Үздік мейіргер» және «Үздік формацевт» байқауларынан құр алақан қайтқан кезіміз болған емес. Биылғы жылы біздің базада республикалық деңгейде «Үздік формацевт – 2019» байқауы өтті. Себебі, 2017 жылы Шымкент қаласында ұйымдастырылған дәл осындай байқауда біздің колледжіміздің түлегі өзгелерден оқ бойы озып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтқан болатын. Сол бас жүлдені ұтып алған колледждің базасында келесі байқау өтеді деген арнайы ереже бар. Осыған орай дәстүрлі түрде екі жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық байқауды біз жоғары деңгейде өткіздік.
– Білуімізше, оқу орнындағы студенттер жатақханамен қамтамасыз етілмеген. Негізінен, қанша студент сырттан келіп білім алуда?
– Расында, жатақхана – колледждегі ең өзекті мәселелерінің бірі. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының үшінші бастамасында жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастарды жатақханамен қамтамасыз етудің аясында бірқатар жоспарлы жұмыстарды іске асырудамыз. Өкінішке орай, нәтижесі болмай тұр. Колледжде 2095 студент болса соны 1288-і ауылдан келген студенттер. Соның ішінде биылғы жылы оқу бітіретін студенттерімізді алып тастайтын болсақ, шамамен 800 студент ауылды мекендерден келген. Ең алыс аудандарымыз Мойынқұм, Шу, Қордай және Сарысу аудандары. Жатақхана қажеттілігін зерделеу жұмыстарын жүргізгенде 350 студент қажеттілігін білдірді. Оның ішінде міндетті түрде 4 курстарды алып тастадық, өйткені олар биыл бітіретін түлектер.
– Аталған оқу орнында жұмыс жасап келе жатқаныңызға біршама уақыт болды. Білуімізше, өткен ғасырдың соңғы он жылдығында колледждің өз жатақханасы болған. Бірақ, ұзын құлақтан ол жатақхананың сатылымға түсіп кеткендігін естиміз. Ол жатақхана қай жерде болып еді?
– Негізі, ол жатақхана ешқайда сатылып кеткен жоқ. Сіз айтып отырған жылдары жатақханамыз колледждің бас корпусының 4-5 қабаттары болған. Студенттердің саны едәуір артып кеткен сол корпусты толықтай оқу корпусына айналдырып жіберген. Сондықтан колледж жатақханасыз қалған. Қазіргі таңда бұл мәселені әлі де қарастырып жатырмыз. Пушкин көшесіндегі 2-ғимаратымыздың жанынан жер телімі берілді. Біздегі ең негізгі мақсат инвестор табу болып отыр.
– Сіздер өз тараптарыңыздан қаладағы бос тұрған, адам аз қамтылып тұрған, бұрын жатақхана болған ғимараттарды зерделеп көрмедіңіздер ме?
– Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бізге инвесторлар тауып берді. Бірақ олар біз қойған кейбір талаптармен келіспеді. Расында, біз облыс орталығындағы бірнеше мекеменің босап тұрғанын көрдік. Мысалы, Ниетқалиев көшесінің бойында Анатолий Тимофеевичтің құрылыс компаниясындағы 3 қабатты ғимараты бос тұр. Оны да барып көрдік. Оны жатақхана ретінде қайта жаңғыртуға болатынындығын да зерделедік. Дегенмен барлық мәселе қаржыға тірелетіндігі ақиқат. Сондықтан ол да аяқсыз қалып отыр. Қазір емдеу мекемелерінің кейбір ғимараттары босап жатыр, оны да қарастырып жатырмыз.
– Жаңа ғимарат тұрғызып, уақыт құртқанша Тараз инновациялық гуманитарлық университеті секілді дайын ғимаратқа жаңғырту жұмыстарын жүргізу арзан түспейді ме?
– Әрине, ол да болса тікелей қаражатқа байланысты. Жергілікті әкімдіктен қолдау болса бұл мәселені де қарастыруға әбден болады.
– Бұл бойынша сіздер сұраныс білдірдіңіздер ме?
– Әлбетте, сұраныс жібердік. Біздің әкімшілігімізге денсаулық сақтау басқармасынан өтініш түсу керек. Себебі бізбен жатақхана бойынша жұмыс істеп жатқан мемлекеттік жекеменшік серіктестіктің ұсыныстары босап тұрған ғимараттарға жаңғырту жұмыстарын жасап береміз деген ұсыныстары бар.
– Бағасы қанша екен?
– Ондай жұмыстардың құны 350 миллион теңгені құрап отыр.
– Жоғарыда өзіңіз атап өткеніңіздей сырттан келіп оқып жатқан 350 баланың қауіпсіздігіне профилактикалық жұмыс жүргізіле ме?
— Сұрағыңыз орынды. Студенттер міндетті түрде біздің қадағалауымызда. Әр топқа арнайы куратор бекітілген. Сондай-ақ олардан өзге 2 психолог пен әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Бұдан өзге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бөлім меңгерушісі және тәрбие жұмысы бойынша меңгерушіміз бар. Олар жылдық жоспарына сәйкес міндетті түрде ата-анасынан тыс жерде, пәтерлерде тұрып жатқан білімгерлерімізге қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік педагогымыз барып үйдің жағдайын бағалайды. Студент 1 күн сабаққа келмеді ме, міндетті түрде топ кураторын жіберіп, жағдайын анықтаймыз. Ауырып қалып немесе себепсіз сабаққа келмесе ата-анасына хабарласамыз. Себебі студенттің қауіпсіздігі біздің баса назарымызда.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруымен «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» атты жобасы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ тапсырысымен жүргізілді. 

 

Сұхбаттасқан Исламбек Дастан.

Тегтер: cisccisc.kzабқоЖамила Нургалиевнамед колледжСарыбековацпги
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты