Жамбыл облысы әкімдінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры болып Таутен Айбек Қанатұлы тағайындалды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
Айбек Қанатұлы 2011 — 2012 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінде бухгалтер экономист. 2012 — 2013 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бухгалтердің көмекшісі. 2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастарға әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі. 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы. 2016 — 2018 жылдары аралығында Қордай аудандық маслихатының VI шақырылымының депутаты. 2017 жылдың қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор орынбасары.
Үйленген, бір қызы бар.