Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурсты бастады.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:
— Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
— Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
— Энергетика және машина жасау;
— Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
— Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
— Өмір және денсаулық туралы ғылым;
— Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
— Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
— Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
— Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.