Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамы бастық, полковник Арман Тоқановтың басшылығымен 600-ге жуық ағаш отырғызды.
Облыс құтқарушылары ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов жариялаған акцияны қолдады.
Отырғызылған ағаштардың басым бөлігі жергілікті климатқа бейімделген: қарағаш, қарағай, үйеңкі, шегіршін, жеміс ағаштары және басқа да түрлер.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі