Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көрші
республиканың қар құрсауында қалып қойған тұрғынына көмек көрсетті.
Ағымдағы жылдың 29 наурызында Қордай ауданының Асу ауданындағы 92 маршрутты патрульдеу кезінде
батальон қызметкерлері Қырғыз Республикасының 39 жастағы тұрғынының басқаруымен жолдың жиегінде тұрған үлкен жүк көлігін анықтады.
Сауалнама барысында жүргізуші жүкті Ресейде қалдырып, Қырғызстанға қарай бет алғанын түсіндірді.
Алайда, жол бойында көлігі бұзылып, ол тұрғын елді мекеннен алыс жерде қалуға мәжбүр болды. Ол тас жолда 3 сағаттан астам тұрған, аязда тоңып, тамақ-суы болмаған. Полиция қызметкерлері жүргізушіге көлікті жөндеуге көмек көрсетіп, сондай-ақ жақын маңдағы ауылдан ыстық шай мен тамақ әкеліп береді.
Жүк автокөлігін тағы бұзылып қалмауы үшін Қырғызстан шекарасына дейін полиция қызметкерлері алып
жүрді. Автокөліктің жүргізушісі тәртіп сақшыларына уақытылы көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын айтты.