Меркі ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы арыз берді. Ол Меркі ауылының базарында 40 мың теңгесі, банк карточкасы мен жеке құжаттары бар әмиян тауып алған. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188- бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Меркі АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері өткен жылы осындай қылмыстарды зерттеп,
жәбірленушінің сипаттамасына сәйкес келетін әйелді бейнежазбадан анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол осындай қылмыс жасағаны үшін ішкі істер органдарында есепте тұрған Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдікті әйел осы қылмысты жасағанын, сондай-ақ дүкен сөресінен 2020 жылы 850 мың теңге көлеміндегі алтын бұйым салынған лотокты және 2019 жылы дүкен кассасынан 128 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын ұрлағанын мойындады. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.