Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың 50 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Тараз
политехникалық колледжі мен Білім колледжінің 1-4 курс студенттерімен естелік дәрістер өткізді.
Дәрістің басты мақсаты-жерлестеріміз үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу. Дәріс барысында нағыз патриотизм деген не және өзінің жолдастары мен
әріптестері, барлық бейбіт азаматтар үшін өз өмірін ойланбастан қиған батыр полицейдің әрекетіндегі жауапкершілік сезімі талқыланды. Полицейлер студенттерді қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан, өз Отанының патриоты Ғазиз Байтасовтың ерлігін естен шығармауға шақырды.
Жамбылдықтар әрқашан Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алады, ал ҚР Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ол ерліктің үлгісі болып табылады — деп түйіндеді тәртіп сақшылары