«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданындағы жабайы қарасора өсетін алқаптарда жедел ақпаратты жүргізу барысында аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен Шымкент қаласының 41 жастағы тұрғыны мен Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тінту кезінде ерекше иісі бар өсімдік тектес зат бар полиэтилен қаптарының үшеуі табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес 9 кг 880 гр “кептірілмеген марихуана» және салмағы 10 кг 730 гр “каннабис» есірткі заты алынды.
Ұстау шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІД, ҚР ІІМ ЕҚҚІД және ҚР ҰҰ “Бүркіт” АМБ қызметкерлері жүргізді.
— Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың сакциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді,-деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.