Түркия мемлекетінің Анталия қаласында ХІІІ халықаралық жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша олимпиадада Жамбыл облысының 3 оқушысынан құралған команда бірінші орынды иеленді.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген спорттық жарыста да жасөспірімдеріміз жеңіске жетті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың ішінен суырылып шыққан өрендеріміз — Меркі ауданындағы №9 В.Савва атындағы мектеп-лицейдің оқушылары. Нақтылай айтқанда, Әмірқұл Әлішер ағылшын, математика пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды иеленсе, Жақсылық Данияр информатика пәні бойынша үшінші орыннан көрінді. Ал Османов Османпаша ағылшын-биология пәндері бойынша бірінші, үшінші орындарды қанжығалады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі