Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сарысу ауданында суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін «Кәрітоған», «Сарыөзек» және Р-1 каналдарындағы су бекеттеріне жөндеу жұмысын жүргізді.
Бүгінгі таңда жергілікті шаруалармен суармалы су беруге 166 келісімшарт жасалды.
Диқандарға нақты берілген су көлемі 10,5 миллион текше метр.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі