Құқық қорғау органдарының әрбір қызметкері заңды біліп қана қоймай, шымыр әрі төзімді болуы қажет. Өйткені, олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді әрі қарапайым халықтың тыныштығын қорғайды. Бұл ретте тәртіп сақшылары физикалық дайындықтарын шыңдаудың пайдасы орасан зор.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері таза ауада кезекті рет түрлі спорттық жаттығуларды жасап, қоян-қолтық ұрыстың әдістерін меңгеруге күш салды. Сондай-ақ, бұл күні спорт десе делебесі қозатын ҚАЖ қызметкерлері теңбіл доптан өзара кім мықтыны анықтады. Жасыл алаңда өткен тартысты ойында ептілік, дәлдік пен шапшаңдықты шебер меңгергендерін дәлелдеді.