• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ЖАМБЫЛДА САРҚЫНДЫ СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛМЕК?

21.02.2018
0
ЖАМБЫЛДА САРҚЫНДЫ СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛМЕК?
206
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Тараз қаласында орналасқан «Баласағұн» мәдениет сарайында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында есеп — беру жиыны өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары және аймақ тұрғындары қатысты. Өңірдің барлық ауданындарында тікелей байланыс жүргізілді. Облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Сембек Сейдазимовтің сұрағы:
— «Қазақстан Республикасында жалғыз Жамбыл облысында сарқынды су тазалайтын орын жоқ. Осы мәселеге көп жылдан бері көтеріліп келе жатыр, бірақ бүгінгі күнге дейін шешімін таппай отыр. Өздеріңізге белгілі, қазір жер асты суының мәселесіне мән бермесек бұл үлкен экологиялық қауіп-қатерге алып келуі мүмкін. Әрине бұл мәселеге келгенде облыс бюджетінің көтермейтінін білеміз. Республикалық бюджеттен қаржы сұрап болмаса осы мәселені шешуді өз қолыңызға алсаңыз деген халықтың өтінішін жеткізіп отырмын. Екінші мәселе, осы есептік кездесуге қатысып отырған министр мырза, Бақыт Тұрлыханұлы, сіз де осы мәселені қолдап, қол үшін берсеңіз деген сұранысымыз бар. Сауалым осы, рақмет!».
— «Өте маңызды мәселені көтеріп отырсыз, осы қызметке келген кезде облыстың басты проблемалары қандай деген сұраққа жауап іздедік. 4-5 сұрақты анықтады. Соның ішінде Тараз қаласы үшін ғана емес, облыс үшін шешімін табуға тиісті мәселенің бірі – осы сарқынды су жайы. Жамбыл ауданында болғанымызда да тұрғындар осы мәселені көтеріп отыр. 200 гектар жердің осы күні жарамсыз жерге айналғандығын, аққан сарқынды судың кесірінен тек қана ауыз су емес, бүгінгі таңда малдың өзі су ішпейтінін тұрғындар айтып отыр. Сондықтан да айтып отырған проблемаңызбен толығымен келісемін. Үкіметке барып осы мәселені көтердім. Тарихын да қарадық. 2005 жылдары бұл мәселе көтерілген екен. Сол уақытта құжаттар жасалып, саламыз деп кіріскенде бәрі қаржыға келіп тірелген. Қаржысы өте қымбат болған. 25-26 миллиард теңгенің көлеміндегі қаржы керек болған. Бұл девальвациядан бұрынғы бағаммен есептелгендегі есеп. Бұған бүгінгі күні қаржы бөлу қиын. Дегенмен, біз үкіметке республика бойынша осындай сарқынды суларды тазалауға қойылған қондырғыларға талдау жүргізіп жатырмыз. Соның бірі Түркістан қаласында. Осыдан 3-4 жыл бұрын құрылды. Әрине, халқы жағынан Түркістанды Таразбен салыстыруға болмайды. Құнын екі есе көбейткеннің өзінде 25 миллиард болмайды. Ондағы тазалайтын станцияның құны 2,7-2,8 миллиард теңге. Оны үш есеге көбейтейік. 10 миллиард болғанның өзінде оны 3 жылға бөліп, этапқа бөліп, құрылысты бастауға болады деп үкіметке айтып отырмыз»- деп жауап берді Асқар Мырзахметов.
Облыс әкімінің жауабына қосыла Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт Сұлтанов:
— «Осы орайда өз тарапымнан пікір қоса кетсем деймін. Биылғы жылдың жолдауында Елбасы су мәселесіне қатысты арнайы назарын бөліп, нақты тапсырмалар беріп отыр. Әр жыл сайын су мәселесіне 100 миллиардқа дейін қаржы бөлуіміз керек. Суды айтқан кезде барлық мәселені шешуіміз керек. Оның ішіне су қоймасы, ауыз су, аяқ су еніп, назарға алынады. Жаңа айтқан ұсынысыңыз нақты біздің бюджеттік комисияда айтылатын болады».

Фото Исламбек Дастан

TURANINFO.KZ

Тегтер: АСҚАР ИСАБЕКҰЛЫоблыс әкімі
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский