Жамбыл облысында «Білім күніне» орай 9 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, білім күні Байзақ, Жуалы, Меркі, Талас аудандарында 1 мектеп, Қордай ауданында 2 мектеп, Тараз қаласында 3 мектептің қызыл лентасы қиылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Байзақ ауданы, Байзақ ауылында 300 орындыққа арналған №4 мектеп-лицейіне, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов Тараз қаласы, Шөлдала алқабындағы 900 оқушыға арналған №59 орта мектебіне, облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Тараз қаласы, №24 мектептің 300 орынға арналған жаңа ғимараты, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 1200 балаға арналған №3 мектеп — лицейдің ашылуына қатысты.
— «Жаңа оқу жылыменен ата — аналарды, ұстаздарды және оқушыларды құттықтаймын. Өткен оқу жылы облыс үшін жоғары нәтижеге толы болды. Осы межені түсірмей, ары қарай көтере беруге күш сала беретін боламыз. Биыл бірінші сыныпқа 26255 оқушыға алғашқы қоңырау соғылады» — деп хабарлады облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Сейтбекқызы.
Айта кетерлігі, 9 мектептің құрылысына шамамен 6,5 млрд теңгеге жұмсалды.
TURANINFO.KZ