2020 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысы бойынша 37 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 446 шетел азаматтары жұмыс атқаруда деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.
2020 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысы бойынша 37 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 446 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан — 394, Өзбекстаннан – 10, Грекиядан – 10, Түркиядан – 9, Франциядан — 3, Әзірбайжаннан – 3, Ираннан – 3, Үндістаннан – 2, Украинадан — 2,Мысырдан – 2, Италиядан — 1, Мальтадан – 1, Израильден – 1, Ұлыбританиядан – 1, Корея Республикасынан – 1, Иорданиядан – 1, Германиядан – 1), оның ішінде 1-санат бойынша – 8 адам,2-санат бойынша – 58 адам,3-санат бойынша – 365 адам,4-санат бойынша – 2 адам, маусымдық жұмысқа — 1 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 12 адам.
Айта кетерлігі, облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.