Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.
Атап айтқанда тексеру жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарлату, пәтерлерді беру кезінде кезекті сақтамау және т.б. фактілерді анықтады.
Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған.
Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету жолымен 200 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 156 жетім бала кезекке қойылды, олардың 3-уі тұрғын үй алды.
Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.
Жамбыл облысының прокуратурасы