Бұл ауқымды шара жыл сайын өткізіліп, жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайтуға бағытталады. Биылғы жиынның ерекшелігі — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қатысуымен өтуі. Ел Президенті жас сарбаздарға сәттілік тілеп, олардың ерік-жігерін жоғары бағалады. Бұл – қатысушы жастар үшін зор сенім мен үлкен жауапкершілік. Колледж студенттері байқау барысында тәртіп пен бірлікті сақтай отырып, әскери машықтар бойынша өз білімдері мен біліктерін көрсетуде. Жарыс алаңында олар батылдық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен намыстың үлгісіне айналды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі үшін бұл шара – тек жарыс қана емес, жастарды ел қорғаны болуға, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін үлкен мектеп. Біздің студенттердің бойынан көрінген тәртіп, батылдық пен жігер – колледж ұжымының жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіндігінің айқын дәлелі.
Жамбыл облыстық Білім басқармасы