Меркі ауданы прокуратурасының жүргізген талдау нәтижесімен кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Атап айтқанда Мерке аудандық орталық ауруханасы мен «Neuro MED» ЖШС-гі арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызмет көрсеру үшін келісімшарт жасалған.
Шарт талаптары бойынша қызмет көрсетуші барлық міндеттемелерді толық орындаған.
Алайда оған қарамастан тапсырыс беруші тарапынан атқарылған жұмыстың ақысы 4,6 млн теңге төленбеген.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде көрсетілген сома «Neuro MED» ЖШС пайдасына төленді.
Жамбыл облысының прокуратурасы