Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп.
2021 жылдың қаңтар-маусымында 281,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 107,3%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 3,2%-ға (27,2 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 9,1%-ға (208,7 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 2,8%-ға (43,1 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 16,7%-ға (2,9 млрд. теңге) өсуі байқалады.
2021 жылы инвестициялар көлемі 438,4 млрд. теңгеге, 3067 жаңа жұмыс орындары құрылатын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:
(«Kisc» ЖШС-гі — құю цехын жаңғырту, «Жабатаева Л.К.» ЖК — консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу, «BioVet KZ» ЖШС-гі — GMP және GLP стандартындағы ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша биокомбинат салу, «Turan Industry» ЖШС-гі табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу, «KORDAY FISH» ЖШС-гі балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ -ы құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу» (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі — балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі — сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «ХИМ-плюс» ЖШС-нің еншілес компаниясы» — «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «глифосат (гербицид) өндірісі» және «үш хлорлы фосфор өндірісі» интеграцияланған химиялық кешені, «ЕвроХим-тыңайтқыштар» ЖШС-гі — минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытын салу, «Мухиев Е.Қ» ЖК – «темір бетон бұйымдары» зауытының құрылысы, «Satellie GS» ЖШС — Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, «Kazstonebox» ЖШС — гофрирленген картон және тас қағаздан дайын қаптама өндіру).
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-маусымында 77,2 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 104,3%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 3,2 млрд. теңге (НКИ – 104,5%), мал шаруашылығы – 73,9 млрд. теңге (НКИ – 104,3%).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін 768 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 404,4 мың га алқапқа себілді, майлы дақылдар – 59,2 мың га, қант қызылшасы — 5,6 мың га, бақша дақылдары – 15,0 мың га, картоп – 11,5 мың га, жемшөптік дақылдар – 230,1 мың га, көкөніс– 42,6 мың га.
Шаруашылықтың барлық санаттарында 58,9 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтар- маусымына 106,0%, сүт – 156,8 мың тонна (101,6%), жұмыртқа – 65,8 млн. дана (106,4%). МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 10,4%-ға (533,7 мың бас), қой – 3,7%-ға (3390,5 мың бас), жылқы – 5,4%-ға (165,1 мың бас), құс саны – 10,9%-ға (1742,8 мың бас) өсті.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 19125,4 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен — 9179,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен — 9946,4 млн. теңге субсидия көзделген. 2021 жылдың 1 шілдесіне 7 534,1 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен — 2524,4 млн.теңге, жергілікті бюджеттен — 5 009,7 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік.
Жұмыс істейтін субъектілер саны 2021 жылғы 1 шілдесіне 70,5 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,6%-ды құрады. 2021 жылдың қаңтар — наурызында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 92,6 млрд. теңгені (115,2%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 122,9 мың адамды (100,6%) құрады.
Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі 81,8%-ды құрады. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 150,7 млрд. теңгені құрайтын 4491 жоба қолдау тапты.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 114,3 млрд.теңгені құрайтын 2398 жоба (2021 ж. – 14369,4 млн. теңгеге, 1079 жоба). «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 15,2 млрд. теңгені құрайтын 1708 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. -6139,7 млн. теңгеге 982 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,5 млрд.теңгеге 118 жоба іске асырылуда (2021 ж.- 133,2 млн. теңгеге 4 жоба). «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 670,3 млн. теңге сомасына 267 жоба қаржыландыруға мақұлданды.
ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың қаңтар-мамырында 92,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылдың қаңтар-мамырына 166,3%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 26,3 млн. АҚШ доллары (96,0%), импорт – 66,0 млн. АҚШ доллары (234,9%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 39,7 млн. АҚШ доллары. 2021 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда айналымының көлемі 152,4 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 2,4%-ға артты. Көтерме сауда айналымы – 126,6 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 8,6%-ға артты.
Көлік. 2021 жылғы қаңтар-маусымында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңіне 4,2%-ға төмендеп, 37,1 млн. тонна құрады, жүк айналымы – 0,9%-ға (1512,6 млн.тн.км.), жолаушыларды тасымалдау – 35,9%-ға (186,2 млн. адам), жолаушылар айналымы – 45,9%-ға (1452,5 млн. жолаушы км).
Инвестиция көлемі 160,8 млрд.теңгені құрап, 112,2% — ға өсті. Өсім аммофос өндіру зауытының, Тараз қаласында 200 төсектік онкологиялық диспансердің, иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың, Қордай ауданында тау-кен металлургия зауытының, Талас ауданында жел электр станцияларының құрылысына инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 70,0 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 114,2% құрады. Өсім 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің, Тараз қаласында 600 орындық мектептің құрылысына, Қордай ауданындағы Қордай өткізу пунктін реконструкциялау және кеңейту, Мойынқұм ауданындағы Меркі-Бурыл Байтал автомобиль жолын реконструкциялау есебінен қамтамасыз етілді.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 288,1 мың ш.м құрап, 2020 жылдың тиісті деңгейіне 114,9%-ды құрады.
2021 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 4,6%-ды құрады. Азық — түлік тауарларының бағасы 5,9%-ға, азық-түлік емес тауарларға — 3,6%-ға, ақылы қызметтерге — 3,9%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінде қалыптасты (ҚР- 4,6%).
2021 жылдың маусым айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың мамыр айына қарағанда 100,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша –101,4%, азық-түлік емес тауарлары бойынша — 100,7%, ақылы қызметтер – 100,2%.
Азық — түлік тауарлары бойынша 2021 жылғы маусымда баға сәбізге — 80,1%-ға, қызылшаға — 42,9%-ға, картопқа — 30,8% — ға, пиязға — 6,8%-ға, шай — 2,6%-ға, май және тон майға — 2,2%-ға (оның ішінде күнбағыс майы — 3,8%-ға), жоғары сұрыпты ұн — 2,0%-ға, макарон бұйымдары — 1,9%-ға, жармалар — 1,7%-ға (оның ішінде қара құмық жармасы – 2,6% — ға, арпа – 2,4%, жарма — 2,1%-ға, сұлу — 1,8%-ға,), ет – 1,1%-ға (оның ішінде жылқы еті – 2,9%-ға , шошқа еті – 1,4%-ға, құс еті — 1,2%-ға, қой еті – 0,4%-ға, сиыр еті — 0,1% — ға), сүт өнімдері- 0,4%-ға, құмшекерге – 0,2%-ға. 1 сұрыпты ұннан жасалған нан, пастерленген сүт, қаймақ, сүзбе, балық және теңіз өнімдері, жүгері жармасы бағасы тұрақты болып қалды. Бағалардың төмендегені 1 сұрыпты жұмыртқаға 8,5%-ға, қырыққабатқа – 6,7%-ға, тарыға – 4,9%-ға байқалады.
Азық — түлік емес тауарлар тобы бойынша дизель отынына — 3,7%-ға, киім мен аяқ киіміне — 0,7%-ға, жеке пайдаланудағы тауарларға — 0,6%-ға, сұйытылған газға (баллонда) — 0,4% — ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдарға — 0,3%-ға, бензинге- 0,2%-ға, жуу және тазалау құралдары және фармацевтикалық өніміне — 0,1%-ға бағалардың өсуі байқалды.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың маусым айында шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелердің қызметі 0,7% — ға, амбулаториялық қызметі 0,6% — ға, жолаушылар көлігі қызметі — 0,2% — ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметі тұрақты болып қалыптасты.
Салықтар мен бюджет. 2021 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке 71,2 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 118,1%, оның ішінде республикалық бюджетке – 22,2 млрд.теңге болжамға 105,3%), жергілікті бюджетке – 48,9 млрд.теңге (болжамға 124,9%). 2021 жылғы 1 шілдесіне берешек сомасы 2,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 107,1%-ды құрады. 2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар 442,5 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 89,7 млрд.теңгені құрады. Меншікті кірістер 48 947,6 млн. теңгеге (жоспар – 39 181,8 млн.теңге) немесе 124,9%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 41 012,3 млн. теңгеге (жоспар – 35 047,1 млн.теңге) немесе 117,0%-ға, салықтық емес түсімдер 1 424,6 млн. теңгеге (жоспар – 748,8 млн.теңге) немесе 190,3%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 510,7 млн. теңгеге (жоспар — 3 386,0 млн.теңге) немесе 192,3%-ға орындалды. Бюджеттік шығындар 211,6 млрд.теңгеге немесе 99,9%-ға игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 30320 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 11578 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1 280 адам, жастар практикасымен — 839 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 8000 адам қамтылды. Жаңадан 20936 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 10546.
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 33461 адамның 20616 жұмысқа орналастырылды. Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 1 тоқсанында 176884 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда — 22,8%-ға, нақты — 14,7%-ға артты. Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2021жылдың 1 тоқсанында 89398 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға, нақты — 9,4%-ға өсті. 2021 жылдың қаңтар-маусымында 65,1 мың тұрғынға 1 942,6 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 1 824,5 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 86,5 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 31,6 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 218,1 млрд. теңге қарастырылды, 120,5 млрд. теңге есепті кезеңі жоспарына 100%-ға игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен 19,1 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен — 1,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 15,9 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында – 1,6 млрд. теңге). 2021 жылы Қордай ауданы Қалғұтты ауылында 180 орындық, «Күнбатыс-2» ауылында 150 орындық, Масаншы ауылында 600 орындық, Байзақ ауданының Бұрыл ауылында 300 орындық мектеп, Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық орта мектеп, сонымен қатар, Тараз қаласында ескі ғимараттарды бұзып, орнына 600 орындық №22 және 600 орындық №2 мектеп құрылысы жалғасуда. Байзақ ауданы Көктал ауылында 600 орындық, Сеңкібай ауылында 100 орындық, Шахан ауылында 100 орындық, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 300 орындық, Жуалы ауданы Алатау ауылында 100 орындық, Дихан ауылында 180 орындық, Қордай ауданы Арал ауылында 180 орындық, Шу ауданы, Төлеби ауылы Мәмбетбаев көшесі №10 Әл-фараби атындағы 300 орындық мектеп құрылысы, Ы. Алтынсарин мектебіне жапсарлас құрылысы, Тараз қаласындағы №16 орта мектептің ескі «А» корпус ғимаратын бұзып, 348 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталды.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданы Луговое а. М.Горький атындағы орта мектеп казандығын газбен жабдықтау, Құлан ауылы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт зал жапсарлас құрылысын, Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына қосымша 100 орындық оқу бөлмелерін, Көкөзек ауылы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас спортзал және асхана құрылысы, Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектеп қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28, Қайнар ауылындағы №32, Қақпатас ауылындағы №30, Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектептердің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021жылдарға арналған бағдарламасы аясында Тараз қаласы «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, «Барысхан» тұрғын алабында 600 орындық, «Асқарова» тұрғын алқабында 600 орындық мектеп құрылысы жоспарлануда. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды. Облыстың 442 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақталар орнатылды. 2021 жылдың 1 шілдесіне облыстағы 551 мектепке дейінгі ұйымдарымен (416 балабақша, 135 шағын орталықтар) 57 мың бала немесе 91,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,3 пайыздық тармаққа артық.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 18,7 млрд. теңге бөлініп, қаңтар-маусым айларында 8,1 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге — 4,6 млрд. теңге бөлініп, 1,5 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық — техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,6 млрд. теңге (оның ішінде РБ — 4,1 млрд. теңге, ЖБ — 0,5 млрд. теңге) қарастырылған. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында қан айналымы жүйесі аурулары, нашақорлық деңгейінің төмендеуі байқалады. Қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, сифилис ауруларының өсуі байқалады. Байзақ, Меркі және Талас аудандарында ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді.
Дереккөз – Жамбыл облысының әкімдігі