Қоғамның басты күші және табыс көзі бұл – салық төлеушілер. Мемлекет салық төлеушілерден құрылады деп Англияның саясаткері айтып еді. Ендігі кезекте біз облыстық бюджеттің құрылуы және бөлінуі бойынша шолу жүргізуді жөн көрдік. 2017 жылғы бюджеттен салықтық түсімдер 19 миллиард 314 миллион, 2018 жылы 20 миллиард 981 миллион, 2019 жылы 21 миллиард 607 миллион теңгені құраса, республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер 2017 жылы 186 миллиард 53 миллон, 2018 жылы 191 миллард 683 миллион, 2019 жылға 161 миллиард 934 миллон теңгеге төмендеген. Бұл дегеніміз республикалық бюджеттен түсетін қаражаттың түсімі азайғанын білдіреді. Облыстың шығындарына келетін болсақ, 2017 жылы 205 миллиард 855 миллон, 2018 жыл 217 миллиард 204 миллион, 184 миллард 675 миллон теңгені құрады. Республикалық бюджеттен түсетін қаражат азайғандығынан облыстық шығындар да азайған. Облыстық дін басқармасына 2017 жылы 106 миллион, 2018 жылы 129 миллион, 2019 жылға 129 миллион қарастырылды. Дін басқармасына екі орталық біріксе де, бюджеті азаймағандығын байқауға болады. Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы 24 миллиард, 2018 жылы 8 миллиард, 2019 жылға 4 миллард бөлінуде. Байқасаңыздар жылдан жылға бөлінетін қаражат азаюда. Бұл кепілдендірілген мемлекеттік сақтандыру қоры құрылғанның әсері және медициналық ұйымдардың жекешелендіруге кеткендігінің нәтижесі. Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтерге 2017 жылы 695 миллион, 2018 жылы 776 миллион, 2019 жылы 821 миллион теңгені құрап отыр. Бұл телеарналарға, радиоларға, ақпараттық агенттіктерге жететін қаражат. Жастар саясаты мәселелер басқармасына 2017 жылы 151 миллион, 2018 жылы 130 миллион, 2019 жылға 161 миллион теңге қаралыпты. Жастар жылына облыс жастарының білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспана, кәсіпкерлік қызметті дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін арттыру, жас отбасыларды қолдау, патриоттық сезімді нығайту, талантты жастарды қолдау, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, жастар ҮЕҰ дамыту, мемлекеттік жастар саясатын насихаттауға жете ме? Президент Нұрсұлтан Назарбаев соңғы Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп атады. Келер жылы Қызылорда облысының 2019-2021 жылғы бюджетінде 297 миллон теңге, Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына 785 миллион теңге, Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелер басқармасына 514 миллион теңге бөлінген. Қарап тұрсақ, жастар саясатына қаражат бөлінуінің кенжелеп жатқаны қынжылтады. Не десек те, жастарға «лилипут» саясат деп қарағандардың бәрі қандай жағдайға жететіндігі бәрімізге мәлім. Бұндай жағдайға салалық басқарма басшысы жеткізді ме?! Әлде бұл мәселе қадағалаудан кетті ме?! Кім білсін… Облыстық бюджетке саралау жүргіздік. Енді оның орындалуына назар аударып, тиісті мекемелердің жұмысына бақылау жүргізетін боламыз.