Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті.
2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты барлық мәселелер, соның ішінде қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың білімінде кеткен олқылықтардың орнын толтыру, ӘНХ бөлімдерін талқылау мақсатында өткізілген жиынға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғары деңгей дағдыларын дамытуға арналған оқу мақсаттары мен жұмыс түрлері көрсетіліп, тәжірибелі педагогтер қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Аралас оқытудың «Төңкерілген сынып» моделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі талқыланды.
Пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 педагог қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы