Облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес 2017 жылдың мамыр айының 24 күні Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық мәденет үйінің базасында «Жамбыл облысындағы этностардың музыкалық мұралары» атты облыстық семинар өтті. Семинарға аудандық мәдениет үйлерінің көркемдік жетекшілері мен өзге ұлт өкілдерінен құралған фольклорлық ұжымдардың жетекшілері, Меркі ауданы Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі, Г.Джамалов, Қордай ауданы «Соседушки» халықтық ансамблінің жетекшісі Л.Хавченко, Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің дүнген мәдениет орталығының төрайымы С.Вансинвин қатысты.
Іс-шараның мақсаты Жамбыл облысын мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін насихатату, сақтау, көркемөнер ұжымдарының қазіргі таңдағы жай-күйімен танысу, шешімін табуды қажет ететін мәселелерді бірлесіп, шешуге ықпал ету, тәжірибе алмасу. Семинарда қатысушылар Қордай ауданы Масаншы ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған көркемөнер ұжымдарының және мұражай жұмысымен танысты. Сортөбе ауылдық мәдениет үйінің фойесінде Қордай ауданын мекендейтін этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары мен қолөнерінен көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылуында Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ж.Тұрлығұлова мен Қордай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Омаров ұйымдастырушыларға және жергілікті органдарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың бағдарламасына сәйкес дайындалған баяндамалар бейне, фото слайдттар арқылы жеткізілді. Жамбыл өңірінде толеранттық көзқарасты дұрыс қалыптастыруда мәдени ошақтардың атқарар міндеті ауқымдылығы туралы, этносаралық қарым-қатынаста толеранттылықты сақтау құралы ретінде мәдениеттің рөлі өте зор екені, әсіресе көркемөнерпазда фольклорлық музыканың негізі туралы орталық директорының орынбасары Ж.Тұрлығұлова өз баяндамасында атап көрсетті. Қордай аудандық мәдениет үйінің директоры К.Сәрсенбаева «Қордай ауданын мекендейтін этнос өкілдерінің өнері мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарының насихатталуы», Меркі ауданы Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Джамалов «Меркі ауданы этнос өкілдерінен құрылған көркемөнерпаздар ұжымдарының іс-тәжірибесі», «Көркемөнерпаз ұжымдарын кәсіби жетілдірудің жаңа бағыттары» туралы, Шу аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Б.Үйсінбаевтар баяндама жасады. Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округіне қарасты дүнген мәдениет орталығының төрайымы С.Вансинвин орталықтың атқарған жұмыстарымен таныстырып өтті. Іс-шара барысында қатысушылар дүнген халқының музыкасымен танысты. Қордай ауданының халықтық «Чун тян» дүнген ансамблінің орындауындағы түрлі әндер мен билерді тамашаласа, азірбайжан халқының би өнерін көрді.
Соңында жиналғандар пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берілді. Өзара тәжірибе алмасты.
TURANINFO.KZ