Жамбыл облысында 07.09.2021ж. дейін тәулігіне – 8898 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 6051 адамға, 2 — айналымда 2847 адамға екпе жасалды. 07.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 416645 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 71,6%-ды құрайды, оның ішінде 19228 — медицина қызметкерлері (4,6 %), 38937 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (9,3%), 19098 – күш құрылымының мамандары (4,6%), 7695 — мемлекеттік қызметкерлер (1,8%), 18670 — студенттер (4,5%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 73131 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (17,5%) және 239316 — басқалары (57,4%).
Екпе алған 416645 адамның, 298272 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 7560 доза және 2 компонент 44745 доза; «QazVac» 1 айналымына 10267 дозаның және 2-ші айналымына 21362;
Синофарм VeroCell 1 тур – 4674 доза, 2 тур – 21952; «CoronaVac» — 1131 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1024 доза,. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі