Жамбыл облысында 05.09.2021ж. дейін тәулігіне – 4707 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3993 адамға, 2 — айналымда 714 адамға екпе жасалды. 05.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 403516 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 69,5%-ды құрайды, оның ішінде 19180 — медицина қызметкерлері (4,7%), 38764 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (9,6%), 19091 – күш құрылымының мамандары (4,7%), 7675 — мемлекеттік қызметкерлер (1,9%), 18266 — студенттер (4,5%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 69723 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (17,3%) және 230244 — басқалары (57,1%).
Екпе алған 403516 адамның, 291943 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 12210 доза және 2 компонент 50470 доза; «QazVac» 1 айналымына 16023 дозаның және 2-ші айналымына 21793; Синофарм VeroCell 1 тур — 7397 доза, 2 тур – 22000; «CoronaVac» — 1223 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1057 доза,. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі