Жамбыл облысында 02.09.2021ж. дейін тәулігіне – 8301 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 4427 адамға, 2 — айналымда 3577 адамға екпе жасалды. 02.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 390240 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 67,1%-ды құрайды, оның ішінде 19067 — медицина қызметкерлері (4,9%), 38528 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (9,9%), 19078 – күш құрылымының мамандары (4,9%), 7647 — мемлекеттік қызметкерлер (1,9%), 17117 — студенттер (4,4%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 66343 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (17%) және 221887 — басқалары (56,8%).
Екпе алған 390240 адамның, 286357 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 19195 доза және 2 компонент 55775 доза; «QazVac» 1 айналымына 20079 дозаның және 2-ші айналымына 22065;
Синофарм VeroCell 1 тур — 9632 доза, 2 тур – 22000 «CoronaVac» — 1228 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1061 доза,. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі