Жамбыл облысында 31.08.2021ж. дейін тәулігіне – 8209 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 4407 адамға, 2 — айналымда 3802 адамға екпе жасалды. 31.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 381475 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 65,5%-ды құрайды, оның ішінде 19027 — медицина қызметкерлері (5%), 38378 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (10%), 19068 – күш құрылымының мамандары (5%), 7603 — мемлекеттік қызметкерлер (2%), 16727 — студенттер (4,4%), 572 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 63818 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (16,7%) және 216282 — басқалары (56,7%).
Екпе алған 381475 адамның, 279642 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 26200 доза және 2 компонент 62020 доза; «QazVac» 1 айналымына 78 дозаның және 2-ші айналымына 2411;
«CoronaVac» — 1261 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1111 доза, Синофарм VeroCell 1 тур — 11353 доза, 2 тур – 22000. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі