«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы гранты аясында Құқығыңды білу міндет жобасының «Көшпелі заң көмегі керуені» құқықтық кеңес беру кездесулерін Жамбыл облысында ұйымдастырды. Кеңес беруге қатысқан ауыл тұрғыны еңбек шартының болмауына орай жұмыс берушінің әрі қарай жұмыс жасауды жалғастыруына қарсы болғанын айтып шағымданды. Тұрғынның мәселесі бойынша жұмыс беруші тараппен байланыс жасалып, мән-жайлар анықталды. Жұмыскер мен жұмыс беруші арасында еңбек келісім шартының болмауы қиындық туындататыны айтылып, екеуара жүргізілген келіссөздер жазбасын негізге алып, тиісті заң орындарына жүгіну мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді. Ал, өзге тұрғын мұрагерлікке қалған пәтерді сату кезінде мұрагерлер тізіміне енгізілмей қалғанын, сол себепті пәтер сатылғанда өз үлесін ала алмағанын айтып көмек сұрады. Азаматтың өтінішіне заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заң аясында қолдану мерзімінің өтіп кеткендігі аталып, туыстық қарым-қатынас негізінде келісімге келу қажеттілігі айтылды. Жалпы осыған ұқсас құқықтық сұрақтар қойылып, бәріне толықтай жауап берілді.