Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Меркі ауданының орталық көшелерінің бірінде өрескел құқық бұзушылық жасаған тұрғынды анықтады.
Ол түн ортасында көлігінің жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, отшашу атқан.
28 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті