2021 жылғы 23 қаңтарда сағат 16: 20-да Жамбыл облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылында, жеке тұрғын үйде дәлізде тұрған 3 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жану оқиғасы мен қирау орын алмаған. Алайда қабырғада жарықтар пайда болып, Кіреберіс есікке зақым келген .
Соның нәтижесінде 1987 және 2007 жылдары туған үй иесінің балалары әр түрлі күйіктермен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына ТЖД-дан 11 қызметкер, жедел жәрдем бригадасы 2 қызметкер, 4 полиция қызметкері оқиға орнына барды.
Еске саламыз! Түрлі сипаттағы жарылыстар мен өрт қауіпті жағдайларды болдырмау үшін газ баллондары қауіпсіз ережелеріне сайкес сақталуы және пайдаланылуы тиіс. Бұл өз кезегінде қатаң ережелермен реттеледі. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтамау аса көлемді айыппұлдар мен қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті