Жамбыл облысы әкімдігінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Физика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Іс-шараға 278 педагог қатысты.
Секция отырысында 2021-2022 оқу жылында
нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқу бағдарламалары, пәнді оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтаудың әдіс-тәсілдері туралы ақпарат беріліп, ұстаздар тәжірибе алмасты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы