Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар орталығының алаңында БАҚ өкілдері үшін «Жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы» брифинг ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жалғас Абдуалиев және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Абылай Баянов сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында спикерлер азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық сондай-ақ рейдтік іс-шараларды, адамдар балық аулау және шомылу орындарында халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізетінін атап өтті. Балаларға ерекше назар аударылады.
Судағы және өрт қауіпсіздік ережелерін халықтың назарына жеткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баяндамалар ұйымдастырылып, профилактикалық және ескерту сипаттағы материалдар жарияланды. Бірақ, жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, Жамбыл облысының аумағында қайғылы жағдайлар орын алуда.
Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Н.С. Календеровпен «2024 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» жоспар бекітілді.
Қазіргі таңда шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық Төтенше жағдай және Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе, волонтерларды тарта отырып шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 500 ден астам рейд және патрульдік жұмыстары жүргізіліп, 5000 астам жаднамалар таратылды.
Бірақ, жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан Жамбыл облысы аумағында 2024 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша 1 оқыс оқиға тіркеліп, 2 адам балық аулау кезінде қаза болды.
Статистикаға оралсақ 2023 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін облыстағы су айдындарында 4 суға бату фактісі тіркеліп, онда 5 адам қаза болған, оның ішінде 3 бала.
Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқарманың бастығы, майор Жалғас Абдуалиев