• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында ЕҚҚДБ жобалары бойынша жұмыс тобы құрылады

24.01.2022
0
Жамбыл облысында ЕҚҚДБ жобалары бойынша жұмыс тобы құрылады
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов,  «Қазводхоз» РМК бас директоры Алтай Елжасов және бірқатар  мердігер ұйымдардың өкілдерінің  қатысуымен өткен жиында су нысандарындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау мәселесі талқыланды.

Жиынға  аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысып отырды.

Облыс аудандарында Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы ирригациялық каналдарды, су бұру жүйелері мен құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстары бойынша 34 жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлінді.

– Судың тапшылығы мен тым құрғақ климат бізді суға кететін шығынды азайтудың және егін өнімділігін арттырудың жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етуде. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру және реконструкциялау бойынша түрлі жобалар  Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық компанияларды тарта отырып, жүзеге асырылуда. Алайда мердігерлер өз міндеттемелерін толық орындамай отыр. ЕҚДБ бөлген қаржы көптеген жобаларда 50 пайызға да игерілмеді.

Көптеген учаскелерде мердігерлер жоспарлы жұмыстарды кешіктіріп жатыр. Біз олардың уәделерін бірнеше рет естідік, бірақ  айтарлықтай нәтиже болмай келеді.  Енді бірер айдан кейін вегетациялық кезең басталады, мердігерлер келісім-шарт мерзімін бұзады, – деп ашуланды облыс әкімі. Аймақ  басшысы әрбір жауапты мердігермен әр нысанның мәселесін жеке талқылап, мерзімінде орындалмау себептерін тыңдап, міндеттемелерді тез арада жүзеге асыруды тапсырды. Облыс әкімі өткен жылы вегетациялық кезең оңай болмағанын еске салды. Бұл жолы шаруалар қиындық көрмеуі үшін өткен қателіктермен жұмыс жасау керектігін еске салды.

– Былтыр мердігерлердің салғырттығынан айналма каналдар салуға тура келді. Ал бұл уақыт пен ақшаны босқа кетіру. Жаңа каналдар салумен қатар, бұрыннан бар су шаруашылығы нысандарын қайта жаңғыртуды да ұмытпау керек, деді – Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ облыс әкімі  жөндеу-құрылыс жұмыстарын бақылау міндетіне кіретін бірқатар басқармалардың жұмысын сынға алды.

– Жұмыстың сапасын тексеру керек. Техникалық қадағалау, архитектуралық қадағалау, тапсырыс берушілер қайда қарайды? Белгіленген мерзімде ғана емес, жұмысты адал атқару маңызды, – деді аймақ басшысы. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов ЕҚДБ жобаларымен ғана жұмыс істейтін жұмыс тобын құруды ұсынды.

– Биыл да суармалы су тапшылығына қатысты жағдай қайталанып отыр. Сондықтан біз барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды барынша пайдалануымыз керек. Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласында әлеуеті зор. Мерзімдерін өткізіп алған мердігерлерге келетін болсақ, олар барлық тәуекелдерді алдын ала есептеп шығуы керек еді. Барлығына қарамастан, компаниялар бастаған жұмыстарын аяқтау қажет. Сырғытпа жауаптар қабылданбайды. Әйтпесе, бұл мәселе заң аясында шешіледі. Кез келген бюрократиялық кідірістерге жол бермеу үшін құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, тапсырыс беруші және ЕҚДБ кеңесшісі кіретін жұмыс тобын құруды ұсынамын. Қазір бәрімізден стандартты емес, жедел шешімдер қажет, — деді Серік Қожаниязов. Облыс әкімі вице-министрдің ұсынысын қолдап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

– Су ресурстарын пайдалану мен оны басқарудың тиімділігін барынша арттыру қажет, – деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: ебрреқдб
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Президент Түркістан және Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Тоқаев жаңа Қорғаныс министрін тағайындап, көлік министрін қызметтен босатты

08.06.2025
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

08.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты